369,36 420.60 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында мектептердің жылу қазандығы жеке басқаруға беріледі

  • 312
  • UPD: 11:17, 22.10.2018

Ақмола облысында биыл 3 ауданда мектептердің жылу қазандықтары жекеменшік компаниялардың басқаруына берілді.

Осылайша енді Шортанды, Бұланды және Зеренді ауданының ұстаздары қыста жылу үшін бас қатырмайды. Ал, Целино-град ауданында мұндай тәжірибе былтырдан бері бар. Бұл, біріншіден, мұғалімдерді басы артық шаруадан арылтса, екіншіден, бюджет қаржысын үнемдеуге мүмкіндік береді. Мәселен, Целиноград ауданының өзінде былтыр 25 млн теңге үнемделген. 

Бұл Зеренді ауданына қарасты Куропаткино ауылының орта мектебі. Білім ошағының жылу қазандығы осыдан 4 жыл бұрын жаңартылып, бұрынғыдай мектептің ішіне емес, сыртқа орналастырылған.

«Ал биыл қазандық жекеге беріліп, иығымыздан ауыр бір жүк түскендей болды», - дейді мұғалімдер.

Жандос Талдин, Куропаткино ауылдық орта мектебінің директоры:

- Енді қыс уақытында өздеріңіз білесіздер, бізде ауа райы суық болғандықтан мына котельныйдың жұмыс істеуі қиыншылықтар түсетін енді. Оны таңертең келіп немесе кешкі уақытта келіп, кейбір қатты суық күндерде мұғалімдерден көмек сұрап. Мектептің жылыту жүйесі жеке компанияға берілгеннен кейін біздің қолымыз босап, мектептің ішкі жұмыстарымен айналыса бастадық. Көбінесе, мынау оқу жүйесіне қарап, мектептің білім сапасын көтеруге, мұғалімдермен, оқушылармен жұмыс істеуге.

Жалпы Зеренді ауданы бойынша барлық білім ошағының қазандықтары жекенің басқаруына берілген. Нысандарды жылу маусымына дайындаудан бастап, от жағушының жалақасына дейінгі шығындардың барлығын жекеменшік компания өздері көтереді. Жергілікті бюджеттен тек бекітілген тарифке сай жылу ақысы төленеді.

Асхат Ілдебаев, жекеменшік жылу компаниясының бас инженері:

- Жаздан бері барлық қазандықтарға жөндеу жүргіздік. Енді алдағы жылдары ескірген қазандықтарды жаңартамыз. Себебі көбісі көне. Жаңғырту жұмыстары да жасалады. 

Аталған мектепте қазір 200-ден астам бала білім алуда. 35 мұғалім жұмыс істейді. Мектеп жанындағы балабақшаның да жылыту жүйесі жекеменшік компанияның басқаруына берілген. Ал, қазандық өзгенің қолына өткен соң жылу тарату ақсап қалмай ма? Олардың жұмысын кім қадағалайды? 

Нұркен Тілеубаев, Зеренді аудандық білім бөлімінің сектор меңгерушісі:

- Сағат таңғы 6 жарымда мектеп әкімшілігі бізге ақпарат береді, мектептің ішкі және сыртқы температуралары жайында. Ол ақпаратты біз таңғы 7-де аудан әкімдігіне тапсырып отырамыз. Және қандай да бір мектептерде ақау болған жағдайларда біз жекеменшік компаниялардың өздеріне шығамыз. Олардың екі жерде жөндеу бригадасы бар. Олқылықтар дереу реттелмеген жағдайда біз аудандық әкімдік арқылы қызметтік хат арқылы бұл кісілердің жұмысын жөндеуді мәжбүрлейтін боламыз.

Келісімшарт бойынша жеке компания әзірге тек жылуды нысанның ішіне дейін ғана жеткізіп беруге міндетті. Ал ішкі жылу желілеріне мектеп әкімшілігі жауапты. Сондықтан директорлар «мұны да жылу мекемесі өз мойнына алса» дейді.

Дамир Берікұлы, тілші:

- Ал алдағы жылдары дәл осындай жұмыстар барлық аудандарда жүргізілмек. Яғни, аудандардағы барлық мектеп қазандықтары жекенің басқаруына беріледі. Ал Ақмола облысында қазір 560 мектеп бар. 

Дамир Берікұлы, Евгений Шинкаренко

Осы категория бойынша: « Мысырда араб тілін үйрену курстарына құжат қабылданып жатыр Еліміздегі медбикелер магистратура мен докторантурада білім алады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы