365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық жас ғалым британиялық венчурлық орталықта тәжірибе жинақтап жүр

  • 128
  • UPD: 13:42, 30.10.2018

Қазақстандық жас ғалым Ғабит Нұрымбетов шет елде жұмыс істеуге мәжбүр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол өз болашағын отанымен байланыстарғанмен, Қазақстанда бейін бойынша жұмыс жоқ екенін айтады. Нұрымбетов дәрілерді тестілеу процесін жылдамдататын құрылғы ойлап тапқан. Айтуынша, Қазақстандағы фармацевтика саласы қалыс қалып отыр. Оны британиялық венчурлық орталық жұмысқа шақырып, қазір жас маман сол жерде тәжірибе жинақтап жатыр. Ол фармацевтика өнеркәсібінде пайдаланылатын стандарт құрал-саймандарды қолдану кезінде жұмсалатын дәрілерді трансдермал алаңынан шығаруды тексере алатын құрал жасап шығарған. Болашақ ғалым осыдан сегіз жыл бұрын Қазақ-Британ техникалық университетін тәмамдап, полимер химиясынан PhD алу үшін Уорик университетіне оқуға түскен. Кейін оны университет жанындағы зерттеу компаниясы жұмысқа шақырған

Ғабит Нұрымбетов, ғалым:

- Болашағымды Қазақстанмен байланыстырамын. Келешекте еліме ораламын. Бірақ қай уақытта екенін айта алмаймын, өйткені еліміздегі фармацевтика саласы жеткілікті дәрежеде дамымаған. Қазақстанда бейін бойынша жұмыс әзірге жоқ.

Осы категория бойынша: « МЖӘ аясында жоғарғы көрсеткіштер қай салада байқалады? Қазақстандықтар неліктен Ресейдің жоғарғы оқу орындарын таңдайды? »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы