365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандықтар неліктен Ресейдің жоғарғы оқу орындарын таңдайды?

  • 182
  • UPD: 17:44, 30.10.2018

Тегін білім алу, ғылыми мектептер мен зерттеу орталықтарының үлкен мүмкіндіктері жас мамандарымызды баурап алып, олардың Ресейде қалуына себеп болып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ресей Үкіметі жанындағы Қаржы университетінің мемелекеттік және муниципальдық басқарма кафедрасының доценті Тимур Тоқмурзин – Алматы қаласының тумасы. Бұл университеттің қабырғасында диссертациясын қорғап, осы оқу орнында 10 жылдан артық еңбек етіп келеді. Мемлекеттік қаржы саласында ғылыми жұмыспен айналысады. Оқуын аяқтағаннан кейін елге қайту немесе осында қалып еңбегін жалғастыру таңдауы тұрғанда көп ойланбағанын айтады.

Тимур Токмурзин, РФ Үкіметі жанындағы Қаржы университетінің оқытушысы:

– Әскери қызметтен кейін ғылыми-зерттеу мекемеде жұмыс істегім келді. Әскери университет пен Қаржы академиясына қарағанда, Қаржы университетінің ұсынысын қабылдадым. Өйткені жақсы жағдай жасалды. Шығармашылық үдеріске кедергі болатын шектеулер болған жоқ.

Кейіпкердің айтуынша, Қазақстанда қалыптасқан ғылыми мектептер өте аз, тіпті жоқтын қасы. Бұл – жас мамандардың елден кетуінің басты себебі. Оның бұл пікірімен зерттеуші Малика Шайкенова да келісіп отыр. Ол Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін тәмамдағаннан кейін Қазақстанға оралған. Алайда көп ұзамай, ғылыммен айналысу үшін Мәскеу қаласындағы «Экономика жоғарғы мектебіне» түседі. Қазір «Жемқорлыққа қарсы әрекет» тақырыбы аясында зерттеу жұмысымен айналысып жүр. 

Мәлика Шәйкенова, Экономика жоғарғы мектебінің магистранты:

– Қазақстанда дамыған ғылыми зерттеу мектептер мен сарапшылар өте аз. Болса да, олар – белгілі бір саланың сарапшылары. Халықаралық басылымдарға шыққан еңбектер де жоқтың қасы. Мысалы, бізді халықаралық деңгейде білім алған профессорлар оқытады. Олардың еңбектері Ресейдің ғана емес, өзге де елдердің басылымдарынан орын табады.

Мәлика білімін Батыс елдерінде жетілдірмек ниетте. Айтуынша, онда да шығармашылық жұмыспен айналысу үшін зор мүмкіндік бар. Ал Тимур Тоқмурзин қазір қазақстандық ғалымдармен бірлесе жұмыс істеу үшін келіссөздер жүргізуде. Ол дұрыс ұйымдастырылған жұмыстың арқасында еліміздің ғылыми зерттеу мектептеріне жас ғалымдар көптеп тартылады деген пікірде.

Авторлары: Дана Нұржан, Александр Любителев

Осы категория бойынша: « Қазақстандық жас ғалым британиялық венчурлық орталықта тәжірибе жинақтап жүр Шымкенттегі 19 мектепте оқушылар үш ауысыммен білім алады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы