374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкенттегі 19 мектепте оқушылар үш ауысыммен білім алады

  • 131
  • UPD: 14:20, 31.10.2018

Шымкенттегі 19 мектепте оқушылар үш ауысыммен білім алуда. Тіпті кейбір білім ұялары оқушылар сыймағандықтан өзге де мекемелердің ғимаратын жалға алуға мәжбүр.

Мұндай білім ошақтарының дені қала маңындағы халық көп қоныстанған елді мекендер мен шаһар орталығында орналасқан. Мәселен шаһардағы №1 мектеп-гимназиясында қазір 4 мың 200 бала білім алады. Яғни 5 есе көп. Білім ұясында бөлме жетпейтіндіктен 1-сынып оқушыларын тұтастай жолдың қарсы бетіндегі колледждің ғимаратында оқып жатыр. Келер жылы Шымкентте 11 мектептің құрылысы басталады. Ал Түркістан облысында да бала санының көп болуына байланысты мектерде орынның жетіспеушілігі байқалады. Мәселен, облыстағы 902 мектепте 464 мың оқушы білім алады. Жылына 20 мың бала  артық 1-сыныпқа барады. Сонда жыл сайын 20 мектеп салып отыру керек екен. Жалпы облыста 184 мектеп салу жоспарланған.

Төребек Олжатай, облыстық білім басқармасы құрылыс бөлімінің басшысы:

- Биыл мысалы 83 мектеп салынып жатыр. Оған 16,2 млрд ақша қаралған. Бүгінге соның 28 тасырылды. Биыл енді республикалық бюджеттен 22 мектеп салынып жатса, соның 17-сі тапсырылады биыл, қалған бесеуі келесі жылға қалып отыр. Келесі жылы тағы да 14 мектепке 12 млрд  теңге қаржы береміз деп отыр. Біз енді осы 2025 жылға дейін мектеп тапшылығын жоямыз деп отырмыз.

Осы категория бойынша: « Қазақстандықтар неліктен Ресейдің жоғарғы оқу орындарын таңдайды? Еліміздегі ЖОО-ның рейтингі қайта қаралады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы