365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сочиге жарысқа аттанған оқушылар жол азабына мойымастан олжамен оралды

  • 285
  • UPD: 13:34, 03.11.2018

Менталды арифметикадан халықаралық олимпиадаға аттанған оралдық оқушылардың Сочиге аман-есен жетуіне ресейлік құтқарушылар көмектесті.

7 мен 10 жас аралығындағы 9 бала және олардың ата-аналары мен ұстаздарын қосқанда барлығы 16 адам қазақстандық елшіліктің қолдауымен су басу аймағынан шығарылды. Білімпаз өрендер тобы Краснодардағы қонақүйге түнеп, ертесіне арнайы вагонмен Сочиге жол тартты. Ұйымдастырушылар олимпиадаға кешеуілдеп жеткен балалардың білім бәйгесіне қатысуына рұқсат беріп, пойыздан түсе сала зияткер оқушылар математикалық тапсырмаларды шешуге кірісті. Нәтижесінде халықаралық олимпиаданың жеңімпазы атанып, барлық медаль мен кубокті қанжығаға байлап әкетті.

Айта кетейік, соңғы 3 жылдан бері оралдық озат өрендер Дубай, Стамбул және Мәскеуде өткен жоғары деңгейдегі білім сайыстарында топ жарып келеді.  

Шыңғыс Қадырбек, халықаралық олимпиада жеңімпазы:

- Сочида су тасқыны болған, содан біз кішкене кешігіп қалдық, бірақ біз түнде келіп, бізге қатысуға мүмкімдік берді, содан мен бірінші орын және абсолютный чемпион деген атақты алдым.

Толқын Сәбитқызы, менталдық арифметика орталығының жаттықтырушысы:

- Түнгі 12-де балаларымыз шаршап, ұйқылары келіп, қиналып отырды бәрі. Бірақ, есеп шығарамыз, дайындалыңдар дегенде, балаларымыз барлық күшін жинап алып, есептерін шығарды. Балалар өте жақсы нәтиже көрсетті. 9 баланың 7-і орын алды, оның барлығы 1-орын алды. Былай айтқанда Ресейде өзіміздің еліміздің атағын шығарып келдік.

Осы категория бойынша: « Еліміздегі ЖОО-ның рейтингі қайта қаралады Қазақстан жазушыларының туындылары корей тіліне аударылады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы