364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«WorldSkills» жобасы студенттерге мүмкіндік сыйлайды

  • 129
«WorldSkills» жобасы студенттерге мүмкіндік сыйлайды

Соңғы жылдары техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында жұмысшы мамандықтары тегін оқытыла бастады.

Тек 2016 жылы 75 мың, 2017 жылы 100 мыңнан астам адам қысқа мерзімді дайындықтан өткен. Ал жұмысшы мамандықтарын халықаралық стандартқа сай даярлау үшін «WorldSkills» байқау жобасы енгізілді. Бұл байқау ғана емес, оның колледждердегі білім сапасын арттыруға әсері мол. Бұл бағытта Шығыс Қазақстан облысында атқарылып жатқан шаруа көп. Бұл өңірден 2016 жылы ұлттық чемпионатқа 7, 2017 жылы 13, ал биыл 26 студент қатысқан. Олар электр және механика саласындағы алдыңғы орындарды иеленіп жүр.

Ришат Рамазнов, техникалық және кәсіптік білім  беру орталығының директоры:

– Қазір «WorldSkills» чемпионаты біздің білім беру ұйымдарына жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес болуға ықпал етеді. Өйткені бұл чемпионатқа жұмыс берушілер өңірдің, жалпы еліміздің компаниялары белсенді қатысады. Олардың талаптары осы чемпионаттың ережелеріне енгізілген.

Осы категория бойынша: « Қазақстан жазушыларының туындылары корей тіліне аударылады Алматы облысында студенттік жатақханалардың құжаттары дайындалып жатыр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы