368,28 419.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында студенттік жатақханалардың құжаттары дайындалып жатыр

  • 117
  • UPD: 14:31, 06.11.2018

Елбасының бес әлеуметтік бастамасына байланысты Алматы облысында студенттерге арналған 10 жатақхананың жобалық-сметалық құжаттары жасалуда.

Олардың 8-і колледж студенттеріне арналса, екеуі жоғары оқу орындарына беріледі. Қазір кейбір нысандардың жер телімдерінің мәселесі шешіліп, орналасатын орындары белгілі болды. Облыстық білім басқармасындағылардың айтуынша, барлық жатақхана жаңадан салынбайды. Яғни, кейбірі бос тұрған бұрынғы ғимараттар. Бірақ оларға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жатақхана талабына сәйкестендіріледі. 

Гүлсара Исағұлова,  облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:

- Мемлекеттік-жекеменшік әріптестікпен меморандумға отырдық. Ол өз кезегінде бізге методикалық көмек көрсетеді. Қажетті жағдайда семинарлар өткізу үшін және болашақта бізге инвестор тарту мәселесіне де осы көмегі тиеді деген ойдамыз.

Осы категория бойынша: « «WorldSkills» жобасы студенттерге мүмкіндік сыйлайды Елімізде 11 мың мұғалім аттестациядан өте алмады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы