364,44 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада «Болашақ» стипендиясының 25 жылдығына арналған форум өтті

  • 350
  • UPD: 17:42, 10.11.2018

«Болашақ» халықаралық стипендиясының тағайындалғанына биыл 25 жыл. Бұл Елбасының бастамасымен жүзеге асқан бағдарлама.

Мерейтойға орай елордада форум өтті. «Адами капитал - жаңғыру негізі» атты алқалы жиынға қатысқан мемлекеттік хатшы көпшілікке Президенттің құттықтау хатын оқып берді.

Бұл салтанатты жиын. 40 жуық елдің 200-ге тарта университетінен ғалым, профессорлар форумға арнайы келген. Мерейтойға орай Елбасы құттықтауын жолдады. Хатты мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова оқып берді. 

Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Мемлекеттік хатшысы:

- Құрметті достар! Сіздерді «Болашақ» Халықаралық стипендиясының 25 жылдығымен құттықтаймын. Ширек ғасырдан бері еліміздің талантты жастарына қолдау көрсетіп келе жатқан «Болашақ» стипендиясы дүние жүзіне танылған қазақстандық брендке айналды. Форумға қатысушыларға әлемдік трендті талқылап, әрдайым жаңа жол тауып, биік белестерді игеруге шағырамын. Баршаңызға мол табыс пен сәттілік тілеймін. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Ширек ғасырда «Болашақтың» шарапатын көргендер көп. 25 жылда 13 мыңнан астам стипендия тағайындалған. 10 мыңнан астам жас шетелде оқуын тәмамдап, осы күндері елде жемісті еңбек етіп жүр.

Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі:

- Бітірушілердің 53 проценті гуманитарлық мамандық, 37 инженерлік-техникалық, 7 проценті медициналық және 2 проценті шығармашылық мамандық бойынша оқуларын аяқтады. 45 проценттен астамы Ұлыбритания мен Ирландияда, 25 проценті АҚШ пен Канадада, 15 проценті Еуропа елдерінде, 8 проценті Ресейде және 7 проценті Азия елдерінде білім алды.

Мерейтойға орай өткен форум аясында «Халықаралық білім көрмесі» ұйымдастырылды. Бұл жерде жаһанның озық оқу орындары жайында толыққанды мәлімет қойылған. Яғни көрмеге келушілер шетелдің университеттері туралы ақпаратқа қаныға алады. Мәселен, отандық мына білім беру ұйымы әлемнің үздік оқу орындары жайында жан-жақты дерек беріп, шетелде білім алуға ниеттелірге тегін кеңес беріп жатыр.

Назерке Капизова, білім беру ұйымының басшысы:

- Қазақстанда 100 ден аса компания бар. Олар ағылшынға дайындайды. Айлистқа дайындайды. Шетелге оқуға түсуге көмектеседі. Солардың ішінде көш бастап, көрмеге біз қатысып отырмыз. Көрме онынан бастап 17-не дейін болады. Біз барлық төрт қаладағы көрмеге қатысамыз. 

«Халықаралық білім көрмесі» қарашаның 12, 13-і күндері  Атырауда, 14 мен 16-сы аралығында Шымкентте, ал 17-сі күні Алматы қаласында өтеді.

Қорған Төреқожа, Ерлан Наурызбаев

Осы категория бойынша: « Елімізде 11 мың мұғалім аттестациядан өте алмады Астанада Startup Weekend байқауының соңғы кезеңі басталды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы