377,95 433.40 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еуроодақ және Орта Азия университеттері ректорларының форумы өтті

  • 212
  • UPD: 23:34, 10.11.2018

Талдықорғанда еуропалық білім халықаралық орталығы ашылды. Ол Еуроодақ пен Орталық Азия елдері университеттері ректорларының форумы барысында құрылды.

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде өткен «Болашақтың жоғары оқу орындары: цифрландыру және академиялық дәстүрлер» атты халықаралық жиында жоғары оқу орындарын сандық жүйеге көшіру жайы талқыланып, бірлескен оқу бағдарламалары қабылданды. Қос дипломдық білім беру, шетел университеттерінен Қазақстандағы жоғары оқу орындарының ресми орталықтарын, филиалдарын ашу жайы қаралды.  

Қуат Баймырзаев, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ректоры:

-Бізге беретін мүмкіндік біз осы форумның аясында еуропалық білім орталығын ашып жатырмыз өзіміздің университеттен. Сол білім орталығы арқылы шетелдік студенттер мен түлектерді осы біздің ВУЗ-ға тарту мәселесі көтеріліп жатыр. Сондықтан да бүгінгі форумның аяғында меморандумға қол қойып, осы орталық арқылы сол жұмыстарды іске асырамыз.

Хабар 24 телеарнасы