369,36 420.60 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай мектептеріндегі кәсіби бағдар беру бойынша жүргізілген кешенді жұмыстар жемісін беруде

  • 165
  • UPD: 22:17, 11.11.2018

Қостанай қаласының былтырғы мектеп түлектерінің 97 пайызы өздері қалаған мамандықтары бойынша жоғары оқу орындарына түскен.

«Бұл – орта білім ордаларында кәсіби бағдар беру бойынша жүргізілген кешенді жұмыстардың жемісі», –дейді  сала мамандары. Елбасы өз Жолдауында балаларды мейлінше сұранысқа ие мамандықтарға ерте жастан бейімдеу қажеттігін айтқан болатын.

Балалар еліміздің еңбек нарығындағы жағдайдан хабардар. Бүгінде қостанайлық мектеп оқушыларының басым бөлігі жаратылыстану-математика бағыты бойынша терең білім алып жатыр. Ақпараттық технологияның қарыштап даму кезеңінде бұл заңды құбылыс демеске болмайды.

Гүлсім Оразбаева, қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары:

– Гуманитарлық бағыт бойынша оқып жатқан балалардың саны – 330 оқушы, ол 17 пайызды құрайды. Ал математикалық бағыт бойынша 1620 оқушы, ол – 83 пайыз.

11 сынып оқушысы Лаура Нұртаева халықаралық қатынастар мамандығын таңдаған. «Ол үшін тіл білуің, сөз қорың бай болуы маңызды», - дейді болашақ дипломат.

Лаура Нұртаева, 11 сынып оқушысы:

– Байланыссыз бұл өмірде болмайды. Қазақстан жабық есік саясаты ретінде өмір сүре алмайды. Біздің шетелмен байланысымыз қызықты болып көрінді. Сол себепті де соған бет бұрдым.

Қостанайдағы №1 мектеп-лицей – химия-биология бағытында терең білім беретін іргелі оқу орындарының бірі. Сондықтан болар, жыл сайын осы мектеп түлектерінің 60-70 пайызы медицина мамандығын таңдайды. Және мұндағы барлық пән бағдарламасы кәсіптік білім беру арнасына тоғыстырылған.

Эльмира Рақымова, мұғалім:

– Қазақ тілі пәні сол бағдарламаға негізделген. Мысалы, қазақ тілі пәнінде біз әйгілі математиктер туралы, химиктер, Қаныш Сәтбаев туралы өтеміз. Географиядан, химиядан, физикадан алған білімдерін менің қазақ тілі сабағымда тереңірек пайдалануға тырыстым.

Әзірге кәсіптік бағдар беру ісінде бірізділік жоқ. «Ал қостанайлық мектептердің тәжірибесі көпке үлгі боларлық», - дейді мамандар.

Авторлары: Мағауия Қалиев, Сергей Трахтенберг

Осы категория бойынша: « Ақтаулық оқушы қол протезін ойлап тапты «Жібек жолы» университеттері альянсы негізінде IT-технопарк ашылады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы