389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Жібек жолы» университеттері альянсы негізінде IT-технопарк ашылады

  • 423
  • UPD: 23:31, 16.11.2018
«Жібек жолы» университеттері альянсы негізінде IT-технопарк ашылады

Қазақстанда «Жібек жолы» университеттері альянсының негізінде IT технопаркі ашылады.

«Оған қазірден бастап дайындық жұмыстары басталып, инвестициялық жобалау қолға алынды», - дейді  әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары.

Премьер-министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиев Алматыдағы бірқатар жоғарғы оқу орындарын аралап, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының аясында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Қазіргі таңда студенттерді инновациялық модельдер бойынша оқытып жатқан университеттер баршылық. Мәселен, аль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми зертханасы негізінде электрондық университет құрылды. Бұған қоса оқу орнында электронды кампустың басты бизнес процестері автоматтандырылған. 

Ғалымқайыр Мұтанов, аль-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры:

- Бұл болашақта жалпы  тек қана  әр университетте емес, жалпы білім  ЖОО және ғылым саласын цифрландыру мақсатында жасалып жатқан дүниелер. Сонымен қатар  бірінші  алға қойылған үлкен біздің инвестициялық жобаларымыз бар болашақта жібек  жолы университеттері альянсының негізінде айти технопарк ашу. Оған негіз бола алатын Елбасының үлкен қолдауымен  қытайлық мемлекеттен үлкен грант суперкомпьютер. Соның негізінде үлкен АЙТИ технопарк жасамақпыз.

Хабар 24 телеарнасы