389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесі енгізілді

  • 888
  • UPD: 11:54, 18.11.2018
Жамбыл облысында Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесі енгізілді

Жамбыл облысында орта білім беретін мекемелер Назарбаев зияткерлік мектебінің оқыту жүйесіне ауысып, тәжірибеге енгізе бастады.

Қазір өңірде 40 білім ошағы базалық алаң ретінде жұмыс істеп тұр. Мәселен, Ғани Мұратбаев атындағы гимназия жаңа жүйеге толық көшкен. Мұнда мұғалімдерді кәсіби қолдау, оқушылардың АЙ-ТИ білімін дамыту, басқару менеджментін жетілдіру сияқты критерийлерге  басымдық берілген. Бүгінде осы жерде 1000-нан астам оқушы жаңа әдістемемен білім алып жатыр. Ал келер жылы аймақтағы 446 мектептің 50 пайызы осы жүйеге көшеді. Бұл бағытта жергілікті білім басқармасы, педагогикалық шеберлік орталығы және Назарбаев Зияткерлік мектебі арасында  үш жақты меморандумға қол қойылып, біріккен жоспар бекітілді. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша жалпы саны 16 мыңнан астам педагог біліктілігін арттырды. Сәйкесінше бұл мұғалімдердің жалақысы да 35 мың теңгеге өскен.

Мұхит Нәметқұлов, педагог:

- Оқу жыл басталғалы осы күнге дейін бірлескен 3-4 семинар бізде болды. Оның ішінде кәсіби бағытты дамыту бойынша мұғалімдерімізді сол жаққа барып, Назарбаев Зияткерлік мектебінің сабақтарына қатысып жатыр. Мысалы, біз бұрын мұғалімдерімізбен шығармашылық тақырып болатын кезде белгілі бір методикаға байланысты бір тақырыпты алатын. Ал бүгінгі таңда мұғалім шығармашылық тақырыбын көбінесе зерттеушілік тұрғыда алады.  

Жәмиля Бекбатырова, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:

- Биылғы оқу жылынан бастап 17 іс-шара өткізілді. Осы жұмысты әрі қарай жалғастыру мақсатында біз 40 мектепті әр аптаға бір-бір күннен іс-тәжірибені тарату мақстында кестеге сәйкес осы мектептер өздерінің іс-тәжірибесін облыс көлемінде таратып онлайн және жақын аудандарда өздерінің сабақтарын өткізеді.

Хабар 24 телеарнасы