376,06 433.40 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде Түркі академиясының ғылыми-зерттеу орталығы ашылады

  • 253
  • UPD: 22:17, 19.11.2018

Түркістан қаласында Түркі академиясының ғылыми-зерттеу орталығы ашылады. Орталық Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орталық Азиядағы ғылыми зерттеу жұмыстарына белсене қатысатын болады.

Бұл туралы бүгін рухани шаһарда өткен «Киелі Түркістан және Түркі дүниесінің рухани жаңғыруы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда айтылды. Осы өңірдегі тілшіміз Жандос Жұмабек рет-ретімен айтып береді.

Бүгінгі конференция тұтас түркі жұртының рухани құндылығын түгендеуге арналды. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы маңызды жиында «Түркі әлемінің киелі жерлері», «Түркі дүниесінің тұғырлы тұлғалары» және «Түркі тілдері және жазуы» тақырыптары бойынша секциялық отырыстар өтті. Онда түркі жұртына ортақ тұлғаларды анықтау жайыда жан-жақты айтылды.

Рамиз Әскер, филология ғылымдарының докторы, ҰҒА профессор /Әзірбайжан/:

- Мен бүгінгі жиында Қазақ халқының ұлы ақыны, тұтас түркі жұртына ортақ перзент Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығы туралы баяндама жасадым. Осы уақытқа дейін Мағжанның екі кітабын Әзірбайжан тіліне аудардым. ақынның жырлары бүкіл түркі жұртына ортақ, ол бізге күш-жігр, рух береді. Түркі халықтарының басын біріктіруде мағжан жырларының орны ерекше. 

Конференцияға алыс-жақын 8 мемлекеттен 50-ге жуық түрколог ғалымдар мен дипломаттар және түркі дүниесі туралы қалам тербеп жүрген журналисттер қатысты. Озат шыққандар марапатталды. «Хабар» агентігі де түркі әлемінің мәдени-рухани жобаларына ақпараттық қолдау білдіргені үшін халықаралық түркі академиясының Исмаил Гаспралы атындағы арнайы сыйлығы табыс етілді.

Саят Жөкен, «Хабар» агенттігі бағдарламалар өндірісі бөлімінің бас редакторы:

- Бүгін Исмаил Гаспыралы атындағы осы түркі әлемнің бірігуі жолындағы, ортақ іс-қимыл, мәдени-рухани алмасуындағы ақпараттық қолдауы үшін, ақпараттық жұмысы үшін  осы сыйлықты табыстап отыр. Бұл «Хабар» агенттігі үшін үлкен мәртебе. Себебі халықаралық түркі академиясы осындай қысқа уақыт аралығында түркі әлемін біріктіруде үлкен жұмыс атқарып отырған институтқа айналып үлгерді.

Юлай Шамилоғлу, Назарбаев университетінің қазақ тілі және түркология кафедрасының меңгерушісі:

- Исмаил Гаспыралы кім дегенге келетін болсақ, ол кісі алғашқылардың бірі болып, түркі дүниесін газет-журнал арқылы насихаттаған. Түркі халықтарының інжу-маржандарын түгендеуге атсалысқан. Жаңа мектептер ашып, ағартушылық бағытта еңбек еткен. Жалпы түрік дүниесінің жоқтаушысы, шырақшысы болды деуге толық негіз бар.   

Сонымен қатар алқалы жиында түркі әлемінің «100 есімін» анықтау және түркі халықтарына ортақ жазу мәдениет мен ұлттық коды тақырыптарыбында құнды баяндамалар жасалды. Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Түркістан шаһарын Түркі әлемінің рухани һәм мәдени орталығына айналдыру бағытында жұмыстар басталғанын айтты. Сондай-ақ Халықаралық Түркі Академиясы мен түркістан облысы әкімдігі екі жақты арнайы меморандумға қол қойды. 

Дархан Қыдырәлі, Халықаралық Түркі Академиясының президенті:

- Бұл меморандум нәтижесінде біз Түркістанда Түркі академиясының ғылыми зерттеу орталығын ашамыз. Бұл орталық Орталық Азиядағы ғылыми зерттеу жұмыстарына белсене араласатын болады. Сонымен қатар бүгін біз Өзбекстан ұлттық ғылым академиясымен де мемрандумға қо қорйдық. Бұл да тарихи қадам деп есептейміз. Бұл да біздің Өзбекстандағы, орталық Азиядағы жұмыстармыздың қарқынды жүруіне серпін береді деп ойлаймын.

Жалпы форум қорытындысы бойынша түркі кеңесіне мүше елдердің барлығында арнайы жұмыс тобы құрылады. Олар бүгінгі конференцияда қабылданған шешімдерді басшылыққа ала отырып жұмыс істейтін болады.

Авторлары: Жандос Жұмабек, Ерболат Әбіш

Хабар 24 телеарнасы