377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Президенттік олимпиаданың жеңімпазы анықталды

  • 390
  • UPD: 07:24, 20.11.2018
Президенттік олимпиаданың жеңімпазы анықталды

Теміртауда XI президенттік олимпиаданың жеңімпаздары марапатталды.

Білім додасына Қазақстанның барлық аумағынан 160 тан аса 11 сынып оқушысы қатысқан. Олар үш күн бойы жаратылыстану-математика бағытындағы білімдерін шыңдады. Олимпиада қорытындысы бойынша Алматы, Астана, Қарағанды мен  Павлодар  облысының түлектері жоғары нәтиже көрсетті.

Айта кету керек, жыл сайын ұйымдастырылатын дәстүрлі олимпиадада 10 жыл ішінде 25 мыңнан аса оқушы бақтарын сынаған. Үздік атанған оқушылар марапат дипломдарымен қоса  ЖОО-ға түсу жеңілдіктерін алады.

Әли Стамбаев, жеңімпаз:

- Әрине, осындай олимпиадаға қатысқаннан кейін, осындай жетістікке жеткеннен кейін қадамым анық болып тұр. Болашақта Қазақстанның немесе тіптен шетелдің инженерия немесе физика-математика ғылымға байланысты мықты университеттерге түсуге болады.

Хабар 24 телеарнасы