389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде Орта білім беруді жаңғырту жобасы бастау алды

  • 1061
  • UPD: 15:47, 20.11.2018

Бұл бағдарламаны Білім және ғылым министрлігі Дүниежүзілік банкпен бірлесіп әзірледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жоба құны 75 миллион долларды құрады. Ол орта білім беру жүйесінің сапасын арттыруға бағытталған. Жоба аясында ауылдағы мектептер мультимедиа құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ бөлінген қаражат есебінен мұғалімдердің біліктілігін арттырып, ерекше балаларды даярлау көзделген. Нәтижесінде қала мен елді мекендегі мектеп арасындағы айырмашылықтарды жою жоспарда бар. Жаңа 30 оқу бағдарламасы әзірленеді. Жоба төңірегінде бүкіл республика бойынша 5 мың ауылдық мектеп қамтылады. Бөлінген қаражаттың жұмасалуын қадағалайтын арнайы комиссия құрылады.

Эльмира Суханбердиева, ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары:

- Бұл қаражаттың 8 миллионын өзіміз бөлеміз. Ал 67 миллион доллады Дүниежүзілік банк береді. 17 жыл ішінде қайтарамыз. Оның ішінде 5 жылға жеңілдік берілген. Ол 5 жылда ешқандай айыппұл болмайды. Процент төлемейміз. Программаны береміз.

Хабар 24 телеарнасы