371,31 419.90 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҚР БҒМ: Түлектер ұлттық бірыңғай тестілеуге төрт рет қатыса алады

  • 298
  • UPD: 08:21, 22.11.2018
ҚР БҒМ: Түлектер ұлттық бірыңғай тестілеуге төрт рет қатыса алады

2019 жылы мектеп бітірушілер төрт рет Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатыса алады.

Бұл оқушыларға сынақ форматын жеңілдету мақсатында қолға алынып отыр. Енді түлектер тестілеуді қаңтар, наурыз, тамыз айларында тапсыруына болады. Бұл тек жоғарғы оқу орнына ақылы негізде түскісі келетіндерге арналған. «Егер шекті балды жинаса, қалаған білім ордасына құжаты мен сертификатын тапсырып студент атанады», – дейді білім және ғылым министрінің орынбасары Асхат Аймағамбетов. Ал оқушылар гранттан үміттенсе, маусым-шілде айларындағы ұлттық бірыңғай тестілеуге қайтадан қатысуға мүмкіндік беріледі. Тест сұрақтары мен тапсырылатын пәндерге қатысты өзгеріс жоқ. Қаңтардың 15-20-ы аралығында өтетін ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініштер желтоқсанның бірінен 15-не дейін қабылданады. Жалпы қаңтар, наурыз, тамыз айларындағы тестілеу ақылы болмақ. Әр түлек 2242 теңге төлеуі тиіс. Тестілеу үш тілде де өтеді.

Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары:

– Биылғы жылдан бастап ағылшын тілін тапсырам дегендер профилді пәні ағылшын тілі болса, олар тек қана біздің ҰБТ орталығы өткізетін тестті емес, халықаралық IELTS немесе TOEFL сертификаттары болса, соны тапсырып, тиісті балын ала береді.

Осы категория бойынша: « Елімізде Орта білім беруді жаңғырту жобасы бастау алды Ғалым: Елбасы мақаласы тарихымызды түгендеуге көмектеседі »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы