389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германияның білім беру әдісі еліміздегі мектептерге енгізілуі мүмкін

  • 1558
  • UPD: 09:04, 26.11.2018

Батыс Қазақстан облысының делегациясы Германияның білім беру жүйесіндегі тәжірибесін зерделеді.

Отандық мұғалімдер, мемлекеттік органдардың басшылары мен «Бiлiм-Инновация» қорының өкілдері Штутгарт және Мангейм қалаларында орналасқан мектептер мен колледждердің жұмысымен танысты. Сонымен қатар олар көне жоғары оқу орындардың бірі Гете университетінде болды. Жергілікті мамандар Германия білім беру жүйесінің артықшылығы мен кем-кетігін жіпке тізді. Төрт күнге созылған сапар барысында қос тарап тәжірибе алмасып, бірқатар мәселені талқылады. Келешекте отандық мұғалімдер Германия елінің оқыту әдісін еліміздегі мектептерге де енгізуі мүмкін.

Зайлим Мажитова, БҚО Казталов ауданы әкімінің орынбасары:

- Бір ерекшелігі, бұл жерде мектептегі оқушыларға киiм-киісіне, мектепің арнайы формасына үлкен талап қойылмайды екен. Бізде талап бар. Екінші, мұғалімдерге де ондай талап қойылмайды. Кім өзіне қалай ынғайлы, сондай киіммен келіп, дәріс оқи береді екен. Балабақшаның ерекшелігі өте көп. Балабақшада әрбір тәрбиеші баламен бірге отырып жұмыстануымен қатар бірге тамақтанады екен. Оның өзі қандай тәрбие. Қасықты қалай ұстау керек, пышақты қалай ұстау керек, қалай тамақ жеу керек, одан кейін ыдысын алып барып, орындарына салып, оның барлығы тұнып тұрған тәрбие.

Хабар 24 телеарнасы