377,95 433.40 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оңтүстіктегі колледжде студенттерге қызмет көрсету орталығы ашылды

  • 301
  • UPD: 23:36, 27.11.2018

Еліміздің оңтүстік аймағында ауыл шаруашылығы саласында білім алатын студенттер дуалды жүйемен оқып жатыр.

Айталық, Түркістан жоғары аграрлық колледжінің оқу базасында тәлімгерлер үшін жылыжай, арнайы техникалар мен мал шаруашылығы фермасы бар. Олар онда кейбір дәрістерді тәжірибе жүзінде іске асырады. Жуырда оқу орнына Білім және ғылым министрлігінің өкілдері арнайы барып қайтты.

Түркістан жоғары аграрлық колледжі теория мен тәжірибені қатар алып келеді. Орта арнаулы оқу орнында жолға қойылған өндірістік база жұмыс істейді. Мұнда студенттер жемістер мен өсімдіктерді күтіп-баптауға машықтанады. Тіпті үйге қажетті малды емдеу үшін ветеринария негіздерін осында үйренеді.

Раушан Ергешова, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары: 

- Мамандық дайындаған кезде дуалды оқыту өте қолайлы. Себебі, бұл жерде теорияны беретін болса, практиканың барлығын түгелдей сынақ алаңына барып, сол жерде олар өздері тәжірибе жүзінде қолдарымен жасап үйренеді.

Ал бірнеше күн бұрын колледжде студенттерге қызмет көрсету орталығы ашылған болатын. Мұнда жастар оқуға қажетті түрлі анықтаманы сынақ кітапшасына оңай қол жеткізе алады. Мұнда жалпы 40 қызмет түрі көрсетіледі. Бірте-бірте колледжде оқу үдерісі толық цифрлық бағдарламаға көшірілмек.

Ғалия Дәулетова, ҚР БҒМ департамент директорының орынбасары: 

- Сандық технология міндетті түрде барлық мамандықтарға енуі керек. Ең бірінші, оқу бағдарламаларының мазмұнына кіретін нәрсе. Олардың ішінде барлығында IT құзыреттілік болуы керек. Ол міндетті түрде.

Аграрлық колледж студенттері арасында болашақта өз мамандығын бизнеске айналдыруды жоспарлап отырған іскер жастар аз емес. Осыған орай мұнда «Стартап» бизнес-клубы құрылған.

Авторлары: Нұрбек Байбосын, Нұрмахан Мұсатов, Нұрмахан Бекмұратов

Хабар 24 телеарнасы