369,36 420.60 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ОҚМУ Орта Азия елдерінде өкілдігін ашпақ

  • 117
  • UPD: 21:52, 27.11.2018
ОҚМУ Орта Азия елдерінде өкілдігін ашпақ

75 жылдық тарихы бар Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті Өзбекстан мен Қырғызстанда оқу орнының өкілдігін ашуға ниетті.

Жуырда жоғары оқу орны QS World University Rankings деп аталатын әлемнің үздік жоғары оқу орындары рейтингінде барлық индикаторлар бойынша өз позициясын жақсартқан. Осылайша «Дамушы Еуропа және Орталық Азия» өңірлік рейтингінде өңірдің 305 үздік жоғары оқу орны арасында ТОП 100-дікке іліккен. «Енді Орта Азия ХАБ-ын құру жоспарда», – дейді жиында сөз алған университет ректоры Дария Қожамжарова. Мемлекеттік жоғары оқу орнында жыл сайын 700-ден астам студент пен 300 оқытушы оқуға және тағылымдамадан өту үшін шетелге жіберіледі. Ал бүгін университетте студенттерге арналған қызмет көрсету орталығының тұсауы кесілді. Мұнда жастарға 3 бағытта 250 қызмет түрі ұсынылады. 

Дария Қожамжарова, М.Әуезов атындағы ОҚМУ ректоры:

- Өңірге кадрларды дайындау мақсатында біз Орта Азия, соның ішінде Өзбекстан мемлекетінде университеттің бірнеше бағыттағы филиалдарын ашу мәселесін қолдап отырмыз. ХХІ ғасырда бәсекеге шыдас беретін кадрларды дайындау біздің университеттің ең алғашқы миссиясы болып табылады.

Ерлан Сыдықов, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры, Ректорлар кеңесінің төрағасы:

- Біз әлемдік бәсекелестік кеңістігіндеміз. Басқа жерде шекара болса да, білім мен кадр дайындауда шекара жоқ. Ғылымда шекара жоқ. Бұл ректорлар кеңесі осы тұрғыдағы мәселелердің барлығын кең, ашық, терең талқылауға бағытталған жұмысы. Бұған сарапшылар шақыртылады.

Осы категория бойынша: « Оңтүстіктегі колледжде студенттерге қызмет көрсету орталығы ашылды Оралдағы арнаулы оқу орындары үш өлшемді технологияны қолдана бастады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы