369,36 420.60 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Көкшетауда «Аламан» республикалық фестивалі өтті

  • 126
  • UPD: 23:42, 28.11.2018

Көкшетауда «Серпін» бағдарламасымен оқып жатқан жастар арасында «Аламан» республикалық фестивалі өтті.

Оған әр өңірден бас-аяғы 30 шақты студент қатысып, 5 аталым бойынша өзара сынға түсті. Мәселен, «Таңдаған өңірім – болашағым» айдарында жастар өздері білім алатын қаланы таныстырса, «Менің әлеуметтік жауапкершілігім» номинациясында қайырымдылық жобалары жайлы әңгімеледі. Жалпы «Серпін» бағдарламасы бойынша қазір елімізде 16 мыңнан астам жас білім алады. Олардың 2 мыңға жуығы техникалық мамандықтарда оқып жатыр.

Алтай Рахымберлин, ҚР БҒМ техникалық және кәсіптік білім департаментінің бас сарапшысы:

- Фестиваль студенттер арасында шеберлік алмасуға, тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Яғни техникалық, кәсіптік, ауылшаруашылығы мамандықтарын студенттер арасында дәріптеуге зор мүмкіндігін береді. «Серпін» бағдарламасына ауыл шаруашылығы және техникалық мамандықтарына мемлекеттік тапсырыс жыл сайын көбейіп келе жатыр. 

Жұбаныш Серік, фестивальге қатысушы /БҚО/:

- Аламан фестивальдер біздің тек біліммен емес, сонымен қатар өзімізді  осындай сайыстарда шыңдап көруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар біз сабақ ретінде емес, мысалы, менің мамандығым қазақ тілі мен әдебиеті. Сол кітаппен қатар өзімді әлеуметтік жобаларда, эссе жазу жағында, дебат ойнау жағында, адамның жалпы 1 пайызы таланатпен, 99 пайызы еңбекпен болатын болса, біз сол еңбек ету арқылы біздің өз мүмкіндігімізді көруге мүмкіндік береді осындай сайыстар.

Осы категория бойынша: « Оралдағы арнаулы оқу орындары үш өлшемді технологияны қолдана бастады ҚР БҒМ «Мұғалім мәртебесі туралы» Заң жобасын талқылауға шақырды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы