371,31 419.90 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралдағы колледжде ғимараттарды үш өлшемді модельдеу кешені ашылды

  • 151
  • UPD: 15:19, 03.12.2018

Жаңа ақпараттық технология жетістіктері білім беру саласына да молынан енгізілуде. Отандық оқу орындарында цифрландыру әлеміне еркін ене алатын бесаспап маман даярлау ісі қолға алынған.

Мәселен, Оралдағы жоғары агротехникалық колледжінде елімізде ең алғаш болып ғимараттардың пішінін үш өлшемді модельдеу әдісімен жобалай алатын кешен іске қосылды.

Отандық құрылыс саласын еуропалық стандарттарға  негізделген жаңа деңгейге көтеру қажет. Бұл ретте цифрландыру аясындағы жобалардың маңызы арта түспек.  Болашақта бой көтеретін нысанның сапасы мен беріктігін қаматамсыз етуде 3D модельдеудің мүмкіндігі зор.

Мұхтар Манкеев, жоба жетекшісі:

- Бізің жобамыз ол әрине бірінші «инновациялық  BIM орталық» деген қазақстанда осы Орал қаласында аштық. Бұл технологиямен жасау үшін мамандарды біз 12 мұғалімді сол колледжден алып 3 ай бойы оқытып олар финляндиядан оқып нақты тәжірибесін жасап келген болатын. Олар қазір дайын, олар бөлек академиялық мамандық ретінде бір үлкен бағытты бастайын деп жатыр. 

Тың жобалап жүзеге асатын мына «үшөлшемді үңгірді» жасақтауға 130 миллион теңге жұмсалған.  Серіктес компания өкілдерінің айтуынша, бұл қондырғының көмегімен келешек нысан жобасының виртуалды пішінін дәл сол көлемде көруге болады.  Мәселен, салынып жатқан  зауыт немесе өзге де ғимаратты тапсырыс берушімен бірге аралап көруге мүмкіндік бар.   

Серік  Мұхамбетәлиев, Орал жоғары аграрлық-техникалық колледжінің директоры: 

- Қазіргі таңда біздер жоғары колледж атағын алған соң келесі 2019 жылдан бастап студенттерді дайындау негізінде бакалаврға осы құрылыс мамандығы бойынша алғашқы мамандарды дайындауға кірскелі отырмыз. Мұның тек қана құрылыс мамандығы емес, соның ішінде мұнай газ саласы бойынша да осы 3Д жобасын енгізуге үлкен бағыт бар. 

Қалада арнайы IT – лицей ашылса, барлық ауылдағы шағын комплектілі мектептерге «Білімбук» бағдарламасымен қамтылған компьютерлер сатып алынды. 175 мектеп кең жолақты интернет желісіне қосылған. 

Шолпан Қадырова,  облыстық білім басқармасының басшысы:

- Халыққа ең маңыздысы ол мысалы өз балаларын балабақшаларға орналастыру. Сондықтан бүгінде Орал қаласында және барлық аудан орталықтарында автоматты түрде балаларын әр азамат балабақшаға кезекке қоюға мүмкіндік алды. Үйден отырып өздерінің смартфондары арқылы өзінің ЭЦҚолы бойынша баласын тіркей алады.

Кәсіптік және техникалық білім беруді цифрландыру жалғасын табады. Өңірдегі барлық колледждерде автоматты басқару жүйесі енгізілген. Оқытушылар мен студенттерді қағазбастылықтан арылту мақсатында электрондық есеп жүйесі іске қосылмақ.   

Автолрлары:  Талғат Серікқалиұлы, Руслан Ғазезов, Қанат Махмұтов

Осы категория бойынша: « Талдықорғанда жаңа музыка мектебі ашылды ҚБТУ-да бағдарламалау чемпионатының жартылай финалы өтті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы