389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚБТУ-да бағдарламалау чемпионатының жартылай финалы өтті

  • 815
  • UPD: 15:23, 03.12.2018

Қазақстан-Британ техникалық университетінде бағдарламалаудан студенттік командалар арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалы өтті.

Бұл жарыста сондай-ақ, Орталық Азия өңірі мен ТМД елдерінің чемпиондары да анықталды. Жартылай финал Алматымен қатар, Санкт-Петербург, Барнаул және Тбилиси қаласында бір мезетте өтті. Нәтижесінде қазақстандық екі команда Потугалияда өтетін,,, Әлем чемпионатының финалына жолдама алды.

Зияткерлер сайысына ТМД елдерінен 300 команда қатысты. Жартылай финалдың жоғары деңгейде өтуіне жарыстың Бас серіктесі BTS Digital компаниясы мен еліміздегі беделді it компаниялар қолдау көрсетті. Жартылай финалдың Алматыда өткен жарысында Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан 70-ке жуық команда бақ сынады. Есепке жүйрік, логикасы мықты жастар 5 сағаттың ішінде 12 тапсырманы орындау керек.

Фуад Бей, KBTU Ақпараттық технологиялар факультетінің деканы:

- Жеті есепті шешудің өзі бұл үлкен жетістік. Ал сегіз тапсырманы орындаса гроссмейтер деңгейіне жеткені. Бұл жерде біліммен қатар мол тәжірибе керек. Және де дарындылық пен тыңғылықты еңбек қажет.   

Әлем біріншілігінің ақтық сынына жолдама өз алдына. Финалға шыққан студенттерді шетелдің мықты it компаниялары жұмысқа алу үшін өзара бәсекеге түседі. Мысалы, қазақстандық 25 it маманы қазірдің өзінде Силикон жазығындағы ірі компанияларда жұмыс істеп жүр. Биыл қазақстандық екі команда финалға шықты. Олар Халықаралық IT университеті мен KBTU командалары. 

Темірлан Сатылханов, Халықаралық IT университетінің бірінші курс магистрі:

- Бізге қарсыластарымыз өте мықты болды. Бізде өзіміздің Қазақстанның ғана командалары емес, Ресейдің командалары, солармен де жарыстық. Біз енді төртінші орын алдық барлық СНГ бойынша.

Келесі жылдың көктемінде бұл студенттер Португалияда өтетін Әлем біріншілігінің финалында Қазақстан намысын қорғайтын болады. Олар дүниежүзінің үздік университеттерінен келген 140 командамен жарысқа түседі.

Авторлары: Ұлан Нарынбек, Сержан Жұмабаев

Хабар 24 телеарнасы