369,36 420.60 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандыдағы НЗМ халықаралық аккредиттеуден өтті

  • 89
  • UPD: 07:49, 05.12.2018
Қарағандыдағы НЗМ халықаралық аккредиттеуден өтті

Қарағанды қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі CIS халықаралық аккредиттеуінен өтті.

Енді соның арқасында түлектеріміз әлемнің ең үздік университеттерінде білімдерін шыңдай алады. Халықаралық білім беру жүйесіндегі беделді ұйымның мүшелері оқу ордасын 7 түрлі стандарт бойынша тексеріп бағалаған. Шетелдік мамандардың пікірінше, зияткерлік мектептегі оқыту жүйесі барлық талапқа сай. CIS ұйымы әлемнің 112 мемлекетіндегі 600-ден астам мектеп пен 508 университет пен колледжді біріктіріп отыр. Дүниежүзінің ең үздік 50-ден астам университетімен ынтымақтастық орнатқан.

Равиль Якупов, Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры:

- Халықаралық білікті сарапшылардың мектебіміздегі білім беру жүйесін мойындап, жоғары баға беруі мәртебемізді асқақтатты. Енді осы деңгейден төмендемеуге күш саламыз. Бұған дейін оқушыларымыз әлемнің үздік университеттерінде оқуды армандап келсе, енді олар түлектерімізді өздері іздеп, ұсыныс жасайтын жағдайға жеттік.

Осы категория бойынша: « Еліміздегі мектептерге биология оқулығын жазған автор Шымкентте тұрады Елімізде 90 мың студент жатақханаға мұқтаж болып отыр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы