376,06 433.40 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте жастар форумы өтті

  • 235
  • UPD: 13:29, 12.12.2018
Шымкентте жастар форумы өтті

Шаһардағы жоғары оқу орындары мен колледждердің үздік студенттері, сондай-ақ сан алуан салада жетістікке жеткен 500-ден астам жас бұл басқосуда қоғамдағы өзекті тақырыптарды қаузады.

5 секцияға бөлінген олар жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту, білім беру саласының озық технологиялары, бұқаралық спортты дамыту, әлеуметтік желінің рөлі туралы ой бөлісті. Қазіргі таңда Шымшаһарда 250 мыңнан астам жас бар. Ол жалпы қала халқының 24 пайызын құрайды. Ал қалада жеті мыңнан астам студент жатақханамен қамтылған. Алдағы уақытта 6 жоғары оқу орны мен 4 орта арнаулы оқу орнында жатақхана құрылысы жоспарға енгізілуде. Яғни студенттерге жағдай жасау жайы да форумның өзегі болды. Ал Шымкент қаласының жастарын дамытудың 2019-2020 жылдарға арналған Жол картасы жүзеге асатын болады. Осының арқасында жұмыссыздық мәселесін шешу бойынша бірқатар жұмыстар қолға алынғалы отыр.

Жандос Қалтаев, отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы:

- Болашақта Шымкент жастары қандай болуы керек ? 10-20 жылдан кейін қандай болуы керек. Ол міндетті түрде денсаулығы мықты азамат болуы керек. Ол білімді болуы керек. Оның мүмкіндігі болса кәсібі болуы керек. Ол әлеуметтік желіге бейім болуы керек. Қаланың  қоғамдық өміріне белсенді қатысатын азамат болуы керек. Сол себепті осындай 5 секция таңдадық. Біздің спикерлеріміз Республикалық деңдейде. Бұл қала мегаполис статусын алғалы бірінші рет осындай деңгейде форум өтіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы