377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Венгрия билігі қазақстандық студенттер үшін 250 оқу грантын бөлді

  • 257
  • UPD: 16:05, 13.12.2018

Венгрия билігі қазақстандық студенттер үшін 250 оқу грантын бөлді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл бастама екі ел арасындағы үкіметаралық келісім негізінде әзірленген арнайы бағдарлама аясында жүзеге асты. Венгрияның Қазақсандағы Төтенше және өкілетті елшісі Андраш Баранидің айтуынша, жыл сайын бұл елде білім алуға ниетті қазақ жастарының саны артып келеді. Мәселен былтыр 1 мыңға тарта өтініш келіп түсіпті. Үміткерлерге қойылатын басты талаптар - ағылшын тілін меңгеру және оқу бағдарламасы аясындағы тапсырмаларды дер кезінде орындау.

Андраш Барани, Венгрияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі:

- Сіздердің назарларыңызды білім саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға арналған үкіметаралық келісімге аударғым келіп тұр. Оған сай қазақстандық студенттерге берілетін стипендия алдымен 45-тен 200-ге, кейіннен 200-ден 250-ге көбейтілді. Бұл Венгрияда білім алуға ниетті жастардың артуымен түсіндіріледі. Осы жағдайды ескерген біздің билік осындай шешім қабылдады.

Хабар 24 телеарнасы