389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда оқушылар арасында робот құрастырудан чемпионат өтті

  • 773
  • UPD: 23:36, 13.12.2018
Алматыда оқушылар арасында робот құрастырудан чемпионат өтті

Алматыда мектеп оқушылары арасында робот жасаудан республикалық IV «IITU Robocon Games» чемпионаты өтті. Бұған дейін қалалық, облыстық деңгейде өткен байқау биыл алғаш рет еліміздің аймақтарынан келген дарынды балалардың басын қосты. Әріптесім Гүлжан Көленқызы жалғастырады.

Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті ұйымдастырған байқауда ел аймақтарынан келген 30 команда өздері жасаған роботтарын көрсетті. Байқауда Arduina (ардуина) базасы негізінде пультпен басқарылатын және енгізілген бағдарламаны автоматты түрде жүзеге асыратын роботтардың белгілі бір уақытта тапсырманы орындау ептілігі мен командалық бірлік бағаланды.

Махмуд Хасан, қазылар алқасының мүшесі, профессор:

- Балалардың еңбегін халықаралық талаптар бойынша сараптаймыз. Біріншіден, роботтардың  технологиясы, екіншіден, бағдарламаның қойылуы есепке алынады. Роботтар кедергіге төтеп бере алуы керек. Сондай-ақ командалық жұмыс та ескеріледі.

Мұндай байқаулар дарынды балалар үшін таптырмас тәжірибе алаңы дейді ұйымдастырушылар. Сондай-ақ роботехниканың дамуына жол салып, елімізде инновациялық технологияның игілігін көруге негіз болатыны сөзсіз.

Наргиз Асқарбекқызы, «Maker Space Almaty» командасының мүшесі:

- Біз дайындықты қыркүйек айында бастадық. Үш ай бойы дайындалдық. 004109 Болашақта мен электр-инженер болғым келеді. Және осы байқауға дайындық кезде жинаған дағдыларым маған көмектеседі деп сенемін.

Ғазиз Дүйсенбаев, №165 мамандандырылған лицей ұстазы:

- Былтырғы робокон 2017-де төртінші орын алғанбыз. Биыл сол деңгейді түсірмей, көтеруге тырысамыз.

Республикалық байқауға Назарбаев зияткерлік мектептерінің, Білім инновация лицейлері мен физика математика бағытындағы мамандандырылған мектептердің дарынды балалары қатысты. Байқау жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде оқуға грант берілді.

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Сержан Жұмабаев

Хабар 24 телеарнасы