379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда мектеп психологтары тәрбиеде тың тәсілдер қолданып отыр

  • 332
  • UPD: 13:00, 18.12.2018
Атырауда мектеп психологтары тәрбиеде тың тәсілдер қолданып отыр

Әрбір бала болашақта интелектуалды тұлға болып шығу үшін  балабақша мен мектепте қалыптасады. Оған  білім алған  мектебінен тыс ата-ана мен қоғамдық ортасы да әсер етеді. 

Бұл ретте психологтың алар орны ерекше. Мәселен, батыс елдерінде мектеп психологтарының жұмысы  бір жүйеге қойылған. Нәтижесінде кез келген жағдайға тап болған жас жеткіншек ол мәселенің түйінін шешу  үшін психологтың көмегіне  жүгінеді. Осы ретте  Президент биылғы Жолдауында  мектеп психологтарының жұмысын күшейтуді міндеттеді. Білім мекемелеріндегі бұл сала мамандарының қазіргі жүктемесі қандай сабақты қандай бағдарламаға негіздеп өткізеді?

Психология мектеп бағдарламасында қазір жеке пән ретінде оқытылмайды. Бірақ әрбір орта оқу орнында оқушы санына қарай педагог-психолог жұмыс істейді. Негізгі міндеттері оқушылар мен жеке және топтық тәсілде түрлі тренигтер өткізу. Кейбір мектептерде олардың жұмысы нақты жүйеге қойылған. Бұл ұстаздардың әрбір оқушының жанын түсініп, жақын тануына сеп.

Сәуле Әпсәламова,  мектеп психологы:

- Кез келген проблемаға оған мойынұсынбай кез келген проблемада сенімді болса, шеше алады. Оны біз мектеп қабырғасында тұлғаны жеке тұлға ретінде дайындаумыз қажет деп ойлаймын.

Әрбір баланың тұлға болып шығуына алған білімі мен көрген тәрбиесі тікелей байланысты. Шәкірттің бойындағы қабілетті дамытып, көкірек көзін ашу ұстаздықтың негізгі алғышарты. Ол үшін бүгінде  мектеп психологтары тренинг сабақтарды оқушының ата-анасымен бірге өткізуді жөн көреді. Бұл кез келген мәселенің түйін шешудегі  оңай жол.                  

Селаман Шимшек, лицей директоры:

- Мектеп болғаннан кейін проблемалар да болып қалуы мүмкін. Ол проблеманы бала, ата-ана мұғалім, бәрі біріншіден дұрыс түсініп қабылдауы керек деп ойлаймын.Мектепте  барлық проблеманы жеңген бала өмірде  қиналмайды деп ойлаймын.

Әр педагог-психолог тренингті оқушының  жас  ерекшелігі және  сынып таңдаған тақырыпқа байланысты өткізеді. Бұл тұрғыда Атыраудағы мектептерде тың тәсілдер жүзеге аса бастады. Солардың бірі арттерапия.                      

Гүлжанат Көбегнова, педагог-психолог:

- Біздің балаларымыздың жасап жатқан құм терпиясы арттерапияның бір тұрі. Мұны көп мақсаттарды пайдалануға болады. Кішкентай бүлдіршіндерге саусақ маторикасын дамытуға жақсы әсерін берсе, орта буындағы, үлкен  балаларымызға бұлардың стрессті түсіруге немесе баланың жан толғанысын, жан күйзелістерін сытқа шығаруға және баланың өзін жақсы сезінуіне көп көмегін тигізу.

Қазір орта мектептердегі жоғарғы сыныптар бір күнде кем дегенде 7-8 сағат сабақ оқиды. Бұл жүктеме жеңіл өту үшін  оқушылардың арасында  ойы мен бойын сергітуі қажет. Сондықтан ұстаздар психологияны жеке  пән ретінде енгізуге  де қарсы емес.

Олжас Керейхан, Арыстанбек Кенже, Дмитрий Пыхтин

Хабар 24 телеарнасы