376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҰБТ-2019. Мамандарды даярлау бағыты көрсетілген жаңа классификатор енгізіледі

  • 1064
  • UPD: 16:35, 19.12.2018
ҰБТ-2019. Мамандарды даярлау бағыты көрсетілген жаңа классификатор енгізіледі

Жоғарғы оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін кеңейту шеңберінде 2019 жылдан бастап мемлекеттік білім беру гранттары білім беру бағдарламаларының топтары бойынша тағайындалатын болады. Сондай-ақ мамандарды даярлау бағыттарының жаңа сыныптауышы (классификатор) енгізіліп отыр.

Бүгінгі күнге дейін еліміздің жоғарғы оқу орындарында мамандықтардың тізімі нақты көрсетілген сыныптауыш пайдаланылған болатын. Ендігі кезекте 2019 жылдан бастап білім берудің даярлау бағыттарының жаңа сыныптауышы енгізілетін болады. Жаңа сыныптауышта мамандықтардың нақты тізімі емес, мамандарды даярлау бағыты көрсетілетін болады. Сәйкесінше еліміздің жоғарғы оқу орындары дербес білім беру бағдарламаларын жасап алады. Осыған орай мемлекеттік білім беру гранттары білім беру бағдарламаларының топтары бойынша тағайындалатын болады. Мәселен, «Математика пәні мұғалімдерін даярлау» тобына «Математика», қосарланған «Математика-Физика», «Математика-Информатика» мамандықтары кіреді. Ал «Ақпараттық технологиялар» тобына «Информатика», «Ақпараттық жүйелер» және тағы басқалары. Яғни білім беру гранттарының тағайындалуы бұрынғыдай мамандықтар бойынша емес, білім беру бағдарламаларының топтары бойынша жүзеге асырылатын болады. Грант ұтып алған соң оқуға түсуші (талапкер) ЖОО-ға таңдаған білім беру бағдарламасы бойынша тіркеліп, ЖОО-ға құжаттарын тапсыру кезінде таңдап алған мамандығы бойынша білім алатын болады.

2019 жылғы ҰБТ форматы еш өзгеріссіз қалатындығын атап өткен жөн. Оқуға түсуші дәстүрлі түрде 3 міндетті пән (Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы) және 2 бейіндік пән бойынша тестілеуден өтеді. Биылғы жылдан бастап ҰБТ жылына 4 рет өткізілетін болады – қаңтар, наурыз, маусым, тамыз айлары. 

Қаңтар, наурыз, тамыз айларында өтетін тестілеуді тапсыру арқылы оқуға түсуші ЖОО-ның тек ақылы бөліміне түсуге мүмкіндік алады. Ал мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау бойынша өтетін конкурсқа қатысу үшін міндетті түрде маусым айында өтетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу қажет. ЖОО-ның ақылы бөліміне оқуға түсуі үшін талапкерге жылына 4 рет өткізілетін ҰБТ-ның кез келгеніне қатысып, шекті балл жинауы жеткілікті.

Қаңтар, наурыз айларында өтетін тестілеуді талапкер ҰБТ өткізілетін өзіне ыңғайлы кез келген пунктіде тапсыра алады. Тек тестілеуге қатысу үшін ҰБТ өткізу пунктіне көрсетілген мерзімде өтініш беру қажет (Қосымша 1). 

Қосымша 1 

Өтініш қабылдау мерзімі

Тестілеу мерзімі

Қатысушылар

ҰБТ  өткізіледі

1 және 15 желтоқсан аралығы

15 және 20 қаңтар аралығы

1) ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарын бітіруші 11 (12) сынып оқушылары;

*ақылы

2) ЖОО-ға ақылы негізде қабылдау үшін жоғары оқу орнының бірінші академиялық кезеңі аяқталғанға дейін күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылданған адамдар;

*ақылы

3) ЖОО-ның шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтарында оқитын  және басқа білім беру бағдарламалары топтарына ауысқысы келетін білім алушылар;

*ақылы

1 және 15 ақпан аралығы

24 және 29 наурыз аралығы

ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 (12) сынып оқушылары;

*ақылы

10 наурыз және 10 мамыр аралығы

20 маусым және 5 шілде аралығы

1) республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының ағымдағы жылғы бітірушілері;

ақысыз

2) республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының өткен жылғы бітірушілері мен техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері;

*ақылы

3) республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін жоғары білімнің қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін  білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері;

*ақылы

  10 мамыр және 5 маусым аралығы

20 маусым және 5 шілде аралығы

республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін халықаралық алмасу желісі бойынша шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері мен шетелде білім алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ адамдар;

*ақылы

   25 шілде және 3 тамыз аралығы

17 және 20 тамыз аралығы

1) ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының ағымдағы жылғы бітірушілері;

*ақылы

2) ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау  үшін орта білім беру ұйымдарының өткен жылғы бітірушілері мен техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері;

*ақылы

3) ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін халықаралық алмасу желісі бойынша шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері мен шетелде білім алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ адамдар;

*ақылы

4) ЖОО-ның шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтарында оқитын  және басқа білім беру бағдарламалары топтарына ауысқысы келетін білім алушылар

*ақылы


ҚР БҒМ баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы