377,95 433.40 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Көкшетауда инновациялық идеялар байқауы өтіп жатыр

  • 191
  • UPD: 17:34, 19.12.2018
Көкшетауда инновациялық идеялар байқауы өтіп жатыр

Көкшетауда «Ақмола Пауер» атты инновациялық идеялар байқауы өтіп жатыр. Аталған шара биыл бесінші рет ұйымдастырылып отыр.

Бұл байқауға аймақ жастары жыл сайын түрлі тақырыптағы тың дүниелерін әкеледі. Осы жылы да сондай 34 инновациялық жоба ұсынылды. Биылғы байқау өткен жылғыға қарағанда көлемі жағынан шағын болғанымен жастардың ынта-ықыласы айрықша. Жалпы қатысушылар бұл жолы экология және цифрландыру тақырыптарында сынға түсті.

Айта кетейік, өткен жылы бұл байқауға 84 жоба қатысқан болатын. 

Мәриям Әбішева, ұйымдастырушы:

- Былтырғы жобалардың жетеуі Көкшетау мемлекеттік университеттің қолдауымен оқу орнының өзінде жүзеге асырылды. Университет оларды іске қосу үшін 8 млн теңгеден астам қаржы бөлді. Бұл басқа да оқу орындары мен кәсіпорындарға үлгі болса дейміз.

Хабар 24 телеарнасы