378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің шоттарындағы қаржы 16 млрд теңгеге жуықтады

  • 403
  • UPD: 23:46, 19.12.2018

Бүгінде еліміз бойынша мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің 20 мыңнан астам салымшысы бар.

Қазір олардың есеп-шотындағы қаржы көлемі 16 млрд теңгеге жуықтаған. Бұл туралы білім және ғылым министрлігі жанындағы қаржы орталығының өкілдері хабарлады. Қазіргі уақытта осы жинақтау жүйесі арқылы 500-ден аса жас университеттер мен колледждерде оқып жатыр.  Естеріңізге сала кетейік, депозитке жиналған қаражат отандық және шетелдік оқу орындарына білім алуға мүмкіндік береді. Ең төменгі салым 3 айлық есептік көрсеткіш  немесе 7 жарым мың теңге көлемінде болу керек. Банктің сыйақысынан бөлек жылына 5-7 пайыз мөлшерінде мемлекеттік сыйақы қарастырылған. Мамандар баланың болашағын ерте бастан ойлап, қам жасауға шақырады. 

Шолпан Мұратбаева, ҚР БҒМ «Қаржы орталығы» АҚ президентінің орынбасары:

- Егер бала бала грантқа түсетін болса, депозиттегі қаржы мен мемлекеттік сыйақысы түгелімен сақталады. Ол қаражатты ата-анасы басқа баласына аударуға  немесе барлығын алып есепшотты жауып тастауына да болады. Айта кетейін, мұндай жағдайда мемлекеттік сыйақыны ала аласыз. Ал қаржыны ерте шешіп алған жағдайда мемлекеттік сыйақы берілмейді.

Хабар 24 телеарнасы