376,06 433.40 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҚазҰУ студенттері Әзербайжандағы ЖОО-ның гранттық жобаларына қатыса алады

  • 279
  • UPD: 15:20, 23.12.2018

Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті мен Әзербайжан ұлттық ғылым академиясы меморандумға қол қойды, деп жазады «Хабар 24».

Салтанатты шараға университет ректоры Ғалымқайыр Мұтанов пен ғылым академиясының вице-президенті Иса Габиббейли қатысты. Келісім жоғары оқу орны мен ғылым академиясының ғалымдарына әр тараптың зерттеу орталықтарын пайдаланып, гранттық жобаларға қатысуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ бірлескен конференциялар ұйымдастыру қарастырылған.

Ғалымқайыр Мұтанов, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры:

- Біз университет ішінен Әзербайжан тарихы мен мәдениеті орталығын аштық. Сондай-ақ Әзербайжан демократиялық университетінің 100 жылдығын, Гейдар Әлиевтің 95 жылдығын және Гусейн Джавидтің 135 жылдығын атап өттік. Осындай іс-шаралар кезінде ынтымақтастықты тереңдету идеясы туған еді. 

Хабар 24 телеарнасы