379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Анкарадағы қазақстандық студенттер ай сайын бір кітап оқуды дәстүрге айналдырған

  • 462
  • UPD: 09:23, 25.12.2018
Анкарадағы қазақстандық студенттер ай сайын бір кітап оқуды дәстүрге айналдырған

Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінен келіп Анкарада магистратура және докторантура оқып жатқан қазақстандық студенттер ай сайын бір кітап оқып, талқылауды дәстүрге айналдырған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл шараға дағдылы түрде студенттермен қатар Анкараның белді деген жоғарғы оқу орнының оқытушылары қатысады. Ахмет Ясауи университеті Өкілетті кеңесінің бастамасымен жүзеге асып отырған игі шарада қазірге дейін әртүрлі қазақ, қырғыз, түрік, татар және шетел жазушыларының кітаптары оқылыпты. Олардың арасында Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы дала ұлағаттары», Рахымжан Отарбаевтың «Бас», Шыңғыс Айтматовтың «Топырақ ана» және Рахманқұл Бердібайдың «Ел боламыз десек» сынды еңбектерін атап көрсетуге болады. Кітап талқылау жиналыстарын Гази университетінің профессоры Ихсан Календероғлумен бірге жалғастыруда. Әр жиында келесі кезекте оқылатын кітап таратылып отырады. Студенттер оқитын келесі кітап Құлбек Ергөбектің «Алаштың азапты жолы» болмақ.

Ихсан Календероғлы, Гази университетінің профессоры:

- Анкарадағы жоғарғы оқу орындарында оқитын қазақ студенттерімен бір айда бір рет бас қосып, белгілі түркі ғалымдары мен жазушыларының шығармаларын оқып, талқылап келеміз. Қатысушыларымыз әртүрлі факультеттерде оқитындықтан көзқарастары да сан қилы. Керемет философиялық көзқарастарды кездестіріп отырамыз. Қазіргі таңға дейін 10-ға жуық кітапты талқылап үлгердік.

Хабар 24 телеарнасы