378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздегі кейбір ЖОО-ның білім беру бағдарламасы талапқа сай болмай шықты

  • 423
  • UPD: 15:28, 27.12.2018
Еліміздегі кейбір ЖОО-ның білім беру бағдарламасы талапқа сай болмай шықты

Еліміздегі жоғары оқу орындарының жаңа рейтингі түзілді. Оның қорытындысында түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткішінің төмендігі анықталып, кейбір университеттердің білім беру бағдарламасы талапқа сай болмай шықты.

Бұл туралы бүгін Білім және ғылым министрлігі мен «Атамекен» ұлттық палатасының өкілдері мәлімдеді. Рейтингті түзу үшін түлектер арасында сауалнама жүргізіліп, мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының деректері сараланды. Сөйтіп, әлеуметтік және техникалық ғылымдар бойынша білім алғандардың жартысына жуығы өз мамандығына сай жұмыс істемейтіні белгілі болды. Мәселен, «Кеден ісі» дипломын иеленіп, сол салада екі қолға бір күрек таба алмай жүргендердің саны көп. Сондықтан мамандар олқылықтың орнын толтыру үшін оқу бағдарламаларын түбегейлі жаңартуды ұсынып отыр.   

Талғат Ешенқұлов, ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы:

- Жыл басында 2000 оқу бағдарламаның рейтингісін жүргіземіз деп айттық. Содан бері 3 кезеңін жүргіздік. Алғашқы екі кезеңі өтті. Бірінші жарты жылдықта және екінші жартыжылдықта. Бүгін 3-ші кезеңін аяқтадық. Оған 109 ЖОО 535 оқу бағдарламасы қатыстырылды.

Бекзат Динаева, лингвист-сарапшы:

- Силабустардың 70 пайызы толықтырып өңдеуді қажет етеді. Бағдарламаларда пәннің сипаттамасы, құзіреттері нақты көрсетілуі керек. Бірақ, көптеген ЖОО бір-бірімен ұқсас шарттарды толыққанды орындалмағаны байқалды. Соның негізінде сол бағдарламаның ішкі мазмұнындағы мәліметтер, студенттерді ңөзіндік жұмысы, тақырыптардың логикалық сабақтастығы назардан тыс қалған.

Хабар 24 телеарнасы