379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Кореяда қазақстандық студенттердің жыл сайын көбеюінің себебі неде?

  • 750
  • UPD: 12:42, 09.01.2019

Оңтүстік Кореяда оқитын қазақ студенттерінің саны жыл сайын артып келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сарапшылар мұны жастар арасында Таңғы самал елінің сериалдары мен музыканың танымалдылығымен байланыстырады. Сеулдегі Қазақстан елшілігінің хабарлауынша, бүгінгі таңда Кореяда шамамен 900 қазақстандық студент білім алуда. Жергілікті үкімет азаматтарымызға білім гранттарын бөледі және екі елдің білім беру мекемелері арасында студенттермен алмасу бағдарламалары бар. Сонымен қатар кейбір университеттерде қазақстандықтар үшін тегін білім беру бағдарламасы қарастырылған. Сеул ұлттық университетінің магистранты Жанар Егісбекова білім беру саласындағы басқаруды зерттейді. Оның айтуынша, Оңтүстік Корея жоғарғы оқу орындарын тәмамдаған қазақстандықтардың басым бөлігі осы елде жұмысын жалғастыра бермейді. Себебі елдегі еңбек нарығында бәсекелестік жоғары және жастар арасында жұмыссыздық белең алған.

Жанар Егісбекова, Сеул ұлттық университетінің магистранты:

– Мен бұл жақта өзіме жақсы жұмыс тапқан күнде де жай ғана менеджер болуым мүмкін. Қазақстанға оралсам, менің мүмкіндіктерім одан да жоғары болады. Қазақстанда менің білімім, дипломым, жоғары бағаланады. Мен де өзімді көрсетуге көбірек мүмкіндік аламын. Сондықтан да міндетті түрде Қазақстанға ораламын.

Қазақстандық Гүлзия Шабалова Корея үкіметтік грантына ие болып, Чонджу университетін бітірді. Бір жарым жыл бойы ол осы елде жұмыс істейді. Оның айтуынша, жақсы компанияда жұмыс табу және жоғары жалақыны алу үшін корей тілін еркін меңгеру керек. Гульзия Таңғы самал елінде кездесетін қиындықтарды атап өтті, ол – екі елдің ұлттық тағамдары мен менталитетінің үлкен айырмашылығы.

Гүлзия Шабалова, Чонджу университетінің түлегі:

– Болшағыма сенемін. Кореяда қалып жұмыс істеп жүргенім өзіме көмегі тиеді деп ойлаймын. Белгілі бір салада тәжірибе жинақтап, елге қайтамын.

Хабар 24 телеарнасы