378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде қосымша білім беру ұйымдарына 1 млн-нан астам бала барады

  • 384
  • UPD: 17:52, 10.01.2019
Елімізде қосымша білім беру ұйымдарына 1 млн-нан астам бала барады

Елімізде қосымша білім беру ұйымдарының қатары көбейіп келеді.

Өткен жылғы есеп бойынша дәл осындай мыңнан аса орталық бары анықталған. Оның басым бөлігін оқушылар сарайлары, спорт мектептері, жас натуралистер станциялары және балалардың аула клубтары құрайды. Ал оларға тұрақты келіп, әртүрлі үйірмеге қатысатын балалар саны миллионнан асып жығылады. Әсіресе, Түркістан, Қарағанды, Жамбыл, Ақтөбе облыстары және Шымкент қаласының балалары белсенді. Аталған ұйымдарда шамамен 30 мың адам тәлім береді. Оның басым бөлігінде, яғни 14 мыңнан астамында жоғары педагогикалық білімі бар. Ал 10 мыңға жуығы – жоғары кәсіби білім алғандар. Жоғары санатты педагогикалық қызметкерлердің саны 5 628-ді құрайды.

Хабар 24 телеарнасы