377,95 433.40 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыдағы физика-математика мектебінде халықаралық олимпиада басталды

  • 173
  • UPD: 13:40, 11.01.2019
Алматыдағы физика-математика мектебінде халықаралық олимпиада басталды

Алматыдағы Жәутіков атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық мамандандырылған физика-математика мектебінде 15-Халықаралық Жәутіков олимпиадасы басталды.

Еліміздің Білім және Ғылым министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылған білім сайысына Қазақстан, Ресей, Түркия, Индонезия, Болгария, Румыния, Сербия, Өзбекстан сияқты әлемнің 18 елінен 82 команда келді. Айта кетейік, дәстүрлі олимпиадаға биыл алғаш рет АҚШ пен Дания мемлекеттерінің дарынды балалары да қатысып отыр. 14 қаңтарға дейін болатын білім сайысында математика, физика және информатика пәндері бойынша үш математик, екі физик, және екі информатик оқушыдан тұратын команданың ортақ ұпайлары шығарылып рейтингі анықталады. Жоғары ұпай жинаған команда гран-при жүлдесіне ие болады. Дарынды балалар додасына қатысуға ниет білдіргендер саны жыл сайын артып келеді. 

Алмас Күнғожин, РФММ директоры:

- Олимпиаданың тапсырмаларын құрастыратын Халықаралық жюри. Жылдан жылға олар байқасақ есептерді күрделендіріп жатыр. Олимпиада қатысушыларға көп қазақстандық университеттер және шетелдік  университеттер емтихансыз қабылдайды өздеріне. Мысалы ресейлік вуздар қосымша балдарды қосады. Халықаралық ай-ти университет пен ҚБТУ арнайы гранттар да береді.

Хабар 24 телеарнасы