376,06 433.40 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда халықаралық Жәутіков олимпиадасы аяқталды

  • 222
  • UPD: 22:39, 14.01.2019
Алматыда халықаралық Жәутіков олимпиадасы аяқталды

Алматыда 15-халықаралық Жәутіков олимпиадасы мәресіне жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

5 күн бойы Қазақстан, Ресей, Түркия, Индонезия, Болгария, Румыния, Сербия, Өзбекстан сияқты әлемнің 18 елінен келген 538 дарынды оқушы математика, физика және информатика пәндерінен білімдерін сынға салды. Айта кетейік, дәстүрлі білім сайысына биыл алғаш рет АҚШ пен Дания мемлекеттерінен де балалар қатысты. Халықаралық олимпиада қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен оқушыларға 50 алтын, 72 күміс, 121 қола медаль табысталды. Жеке рейтинг бойынша математикадан болгариялық, физикадан Ресей, информатикадан Грузия оқушысы үздік деп танылған. Командалық есепте олимпиаданың гран-при жүлдесі Челябі қаласының №31 лицейінің оқушыларына бұйырды. Ал бірінші орынды Жәутіков атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған физика-математика мектебі иеленді.

Асқар Жұмаділдаев, ҚР ҰҒА академигі:

- Балалардың қабілеті жылдан-жылға өсіп келеді. Алғашқы кезде 4-5 мемлекет болса, биыл 18 мемлекет болды. Бұл әлемдегі ең мықты олимпиадалардың тізіміне енді. Румыниядан, болгариядан ылғи келеді. Олардың келетін себебі, өйткені мұның беделі өте жоғары. Одан ұтсаң, дипломның күші мықты болады.

Хабар 24 телеарнасы