387,14 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҰБТ – 2019. Атырау облысында 2 мың үміткер сынақ тапсыруға ниет білдірген

  • 1274
  • UPD: 07:52, 15.01.2019
ҰБТ – 2019. Атырау облысында 2 мың үміткер сынақ тапсыруға ниет білдірген

Тест тапсыруға өтініштерді қабылдау өткен жылдың желтоқсан айында басталған болатын.

Атырау облысы бойынша күні бүгінге дейін 2 мың үміткер сынақ тапсыруға ниет білдірген. Мұнайлы өлкеде тестілеу 18 қаңтар күні өтеді. Облыс бойынша емтихан Атырау және Құлсары қалаларында тапсырылады. Тест тапсыру форматы бұрынғыдай қалады. Сонымен қатар оқуға түсушілерге көмек ретінде бірқатар жаңалық қарастырылған. Биылдан бастап ҰБТ қаңтар, наурыз, маусым, тамыз айларында өткізіледі. Естеріңізге сала кетейік, алдын ала ҰБТ тапсырушылардың емтихан нәтижелері коммерциялық негізде оқуға жарамды. Ал мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін маусым-шілде айларында өтетін ҰБТ-ны тапсыруы қажет.

Хабар 24 телеарнасы