378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҰБТ 2019: Атырауда сынақ тапсыруға 2000-нан астам өтініш түскен

  • 667
  • UPD: 16:54, 18.01.2019

Атырауда ұлттық бірыңғай тест тапсырушылардың алғашқы легі емтиханға кірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы облыс бойынша ақылы тест тапсыруға 2000-нан астам өтініш түскен екен. Оларды қабылдау ісі өткен жылдың желтоқсан айында басталған болатын.

Арыстанбек Кенже, тілші:

– Бүгін ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға ниет білдіріген 2060 талапкердің алғашқы легі сынаққа жіберілді. Талапкерлердің көптігіне байланысты Атырауда ҰБТ 3 лекпен ұйымдастырылған. Үміткерлер облыс бойынша екі пункт – Атырау және Құлсары қалаларында емтихан тапсыратын болады. Атап айту қажет, ҰБТ тапсыру форматы жылдағыдан өзгермейді. Сонымен қатар оқуға түсуші түлектерге көмек ретінде бірқатар жеңілдік қарастырылған.

Айнагүл Дүйсекенова, ұлттық тестілеу орталығының облыстық филиал басшысы:

– Тестінің бір ерекшелігі, қаңтар наурыз және тамыз айларында өтетін ҰБТ-ға қатысқан оқушылар жоғарғы оқу орнына ақылы негізде түсуге мүмкіндік алады. Егер оқушы мемлекетттік гранттың конкурсына қатысатын болса, ол маусым айындағы жылдағыдай өтетін ҰБТ-ға қатысады. Сол текстілеудің нәтижесімен мемлекеттік грант конкурсына қатыса алады. Мектеп бітіруші түлектерден бөлек ЖОО шығармашылық мамандыққа оқып жатқан стунденттер егер басқа мамандыққа ауысқысы келсе, тестілеуге қатысу арқылы ауыса алады.

Қазір ұлттық тестілеу алдыңғы жылдардағыдай 5 пәннен тапсырылып жатыр. Бір айта кетерлігі, кез келген түлек тестілеуге бірнеше мәрте қатыса алады. Яғни талапкер жылына төрт сынақ болса, соның барлығында бақ сынай алады.

Хабар 24 телеарнасы