378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы күні аяқталды

  • 357
  • UPD: 16:52, 18.01.2019
Елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы күні аяқталды

Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы күні аяқталды. Оған 11 мен 12 сыныптардың оқушылары, жоғары оқу орындарында шартты түрде оқып жүрген студенттер мен шығармашылық мамандығын ауыстыруға ниеттенген университет шәкірттері қатысып жатыр.

Бүгін елімізде бұл сынақты 9 мыңдай талапкер тапсырды. Жалпы қаңтардың 20-сына дейін бас-аяғы 35 мыңнан астам адам білімдерін сынап көреді. Ұлттық тестілеу тапсыру – ақылы. Айту керек, бұл ҰБТ-ның қорытындысы бойынша алатын сертификат тек ақылы жоғары білім алуға мүмкіндік береді.

Рамазан Әлімқұлов, Ұлттық тестілеу орталығының директоры:

- Жаңа формат бойынша 4 рет тапсыратын мүмкіндік бар. Соның ішінде қаңтар, наурыз, тамыз айындағы іс-шараға мемлекеттік бюджеттен бір тиын қолданбаймыз. Оның барлығы ішкі қаржымен бірге. Тестілеу бағасы бес жыл болды өзгерген жоқ. 2242 теңге.

Ерболат Сұлтанов, талапкер:

- Шілде айында болды. Бір пәннен өте алмай қалдым. Математикадан. Содан кейін шығармашылыққа барғанмын. Сол кезде мен басқа мамандыққа ауысатын болдым. Бүгін жақсы тапсырдым деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы