378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысында биыл 7 мыңнан астам түлек мектеп бітіреді

  • 294
  • UPD: 17:58, 18.01.2019
Қарағанды облысында биыл 7 мыңнан астам түлек мектеп бітіреді

Қарағанды облысында екі күн ішінде 1 мың 825 оқушы ұлттық бірыңғай тест тапсырады. Оның басым бөлігі, яғни 45 проценті Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде бақтарын сынамақ.

Жалпы биыл облыс бойынша мектеп бітіретін түлектердің саны 7 мыңнан асады, алғашқы емтиханды соның тек 2 мыңға жуығы тапсырады. Емтихан 4 университет пен 4 мектепте ұйымдастырылған. Оның нәтижесі бойынша шекті балл жинаған түлектер жоғарғы оқу орнына ақылы негізде түсе алады. Тестілеу 5 пән бойынша өтеді. Оқушылар 120 сұраққа жауап беруі тиіс. Ең бастысы, алғашқы емтиханнан сүрінгендер еш алаңдамаса болады. Себебі биыл Ұлттық біріңғай тестті 4 рет тапсыруға мүмкіндік беріліп отыр. Айта кетейік, өткен жылы 5 мың түлек ұлттық біріңғай тестілеуден өтіп, соның 700-і шекті балл жинай алмапты.

Медғат Мұсаев, қабылдау комиссиясы жауапты хатшысының орынбасары:

- Бірінші күні 356 түлек тапсырса, екінші күні 500 түлек ҰБТ тапсырады. Жалпы университетте барлық жағдайлар жасалған. 12 аудиторияға камера орнатылған. Балалары үшін уайымдап жатқан ата-аналарға осы баласы қалай тапсырып жатқанын еркін бақылай алатын арнайы аудиториялар бөлінген.

Хабар 24 телеарнасы