377,65 427.65 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырауда 2 мыңнан астам түлек ҰБТ тапсыруға ниет білдірген

  • 361
  • UPD: 23:13, 18.01.2019
Атырауда 2 мыңнан астам түлек ҰБТ тапсыруға ниет білдірген

Мұнайлы өңір Атырауда да ҰБТ шарасына қатысуға ниет білдірген түлектердің алғашқы легі сынақтан өтті. Халел Досмұхамедов атындағы мемлекеттік университте 666 түлек қысқы сынақтан өтуге ниет білдірген болатын.

Осылайша облыс бойыннша 18-20 қаңтар аралығында 2 мыңнан астам болашақ түлек кешенді сынақтан өтуі тиіс. Талапкерлердің көптігіне байланысты Атырауда ҰБТ 3 лекпен ұйымдастырылды. Үміткерлер облыс бойынша екі жерде Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекетттік университетінде және Құлсары қаласында емтихан тапсырып жатыр.  Атап айту қажет ҰБТ тапсыру форматында жылдағыдан өзгеріс жоқ. Сонымен қатар, оқуға түсуші түлектерге көмек ретінде бірқатар жеңілдіктер қарастырылған.

Айнагүл Дүйсекенова, Ұлттық тестілеу орталығы облыстық филиалының басшысы:

- Егер оқушы мемлекетттік гранттың конкурсына қатысатын болса, ол маусым айындағы жылдағыдай өтетін ҰБТ-ға қатысады. Сол текстілеудің нәтижесімен мемлекеттік грант конкурсына қатыса алады. Мектеп бітіруші түлектерден бөлек ЖОО шығармашылық мамандыққа оқып жатқан студенттер егер басқа мамандыққа ауысқысы келсе, тестілеуге қатысу арқылы ауыса алады.

Хабар 24 телеарнасы