378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанайдағы мектепте топырақсыз өсімдік өсіру зертханасы ашылды

  • 317
  • UPD: 08:38, 20.01.2019

Қостанай қаласындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатта жасыл технологиялар зертханасы ашылды.

Мұнда оқушылар гидропоника, яғни өсімдіктерді топырақсыз өсіру әдісін меңгеріп, зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Өз қолдарымен отырғызған алғашқы дақылдары қылтиып, бой көтеріп қалған. Жас өскіндердің күнделікті күтім-бабы балалардың мойынында. Олар  су, жарық, оттегі, қажетті қорек құрамын бақылап, реттеп отырады. Зертхана  гидропондық және аэропондық қондырғылармен, жасанды жарық көздерімен жабдықталған. Және олардың барлығы орталықтандырылған бір жүйеге қосылған.

Алмагүл Иманқұлова, «Жасыл технологиялар» зертханасының меңгерушісі:

- Өсімдіктер тұқымынан отырғызылатын болғандықтан оларға қажетті жағдай су мөлшері, көмірқышқыл газы, жылу қажет. Осының барлығын біз орталықтандырылыған бағдарламамен зерттеп, бақылап отыруымызға болады. Алдағы уақытта энергия шығындары, су мөлшері шығындарын, осының барлығын экономикалық тұрғыда қарастыру, есептеп бизнес жоба қорғау болжанып отыр.

Хабар 24 телеарнасы