378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-да инклюзивті білім беру саласында ауқымды жұмыс атқарылуда

  • 350
  • UPD: 09:59, 20.01.2019
БҚО-да инклюзивті білім беру саласында ауқымды жұмыс атқарылуда

Батыс Қазақстан облысында ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қоғамға бейімдеу бағытында ауқымды жұмыстар жасалып жатыр. 

Қазіргі таңда 3 790 бала жалпы білім беру ұйымдары мен балабақшаларда инклюзивті білім алып жүр. Яғни аймақтағы мүмкіндігі шектеулі барлық баланың  64 пайызы осы бағытта білім мен тәрбие алуда. 273 мектепте ерекше балалардың емін-еркін жүріп тұруына барынша қолайлы жағдай жасалған. Ал ұжыммен жұмыс істеуге қиналатын оқушылар үшін қосымша кабинеттер жасақталған. Мұндай жағдайда әр балаға психолог және логопед сияқты мамандар бекітіледі. Сонымен бірге ерекше балалардың өзге оқушылармен қарым-қатынас жасауына ешқандай шектеу қойылмайды.

Агииз Біржанова, облыстық білім басқармасының бөлім басшысы:

- Осы санаттағы балаларға жағдай жасау, яғни кедергісіз аумақ дейді соның элементтерін енігзу мектептерге және сол балалармен жұмыс жасайтын арнайы мамандармен қамтамасыз ету. Қазіргі 146 дефектолог және 139,5 логопед бірлігі  енгізіліп облыс бойынша, 12 бірлік дефектолог және 116 логопедке  артып отыр.

Хабар 24 телеарнасы