378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ғалымдар қатерлі ісіктен айығудың жаңа әдісі ойлап тапты

  • 316
  • UPD: 10:28, 05.02.2019
Ғалымдар қатерлі ісіктен айығудың жаңа әдісі ойлап тапты tengrinews.kz

Ұлыбританияның Солфорд университетінің ғалымдары қатерлі ісік жасушаларын анықтаудың жаңа әдісін ойлап тапты.

Мамандардың айтуынша, осы жасушалар әрі қарай таралса, адам қатерлі ісікке шалдығуы мүмкін. Осылайша, зерттеушілер бағаналық жасушаларды дәрі-дәрмектермен жойып, қатерлі ісіктің алдын алуға болатынын айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, ғалымдар адам ағзасынан бөлінетін сүт безіндегі қатерлі ісік жасушаларының үлгісін зерттеп, бүкіл жасушаның 0,2% қатерлі бағаналық жасушалар екенін және оның ерекше белгілері бар екенін анықтаған. Ол жасушалар адамның қантамырларына, әрі қарай басқа да органдар мен тіндерге өтеді. Осылайша, ғалымдардың сөзіне сүйенсек, қатерлі ісіктің басты белгісі метастаз жүреді екен.

Айта кеткен жөн, метастаз дегеніміз - ауру тудыратын ісік жасушаларының зақымданған ошақтан қан немесе лимфа ағынымен бірге орын ауыстырып таралуы нәтижесінде пайда болатын екінші реттік патологиялық ошақ.

Сондай-ақ мамандар жасушалардың бүл түрі белгілі бір уақыт бойы жарық сәулелерін жұтып алатынын анықтаған. Олардың айтуынша, алдағы уақытта бұл процесті де тоқтататын дәрі-дәрімектер ойластырылады.

Хабар 24 телеарнасы