378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылорда мектептерінде «Рухани жаңғыру» кабинеттері ашыла бастады

  • 392
  • UPD: 13:53, 10.02.2019

Қызылорда қаласындағы мектептерінде «Рухани жаңғыру» кабинеттері ашыла бастады. Оқушылардың тың ізденістеріне серпін беруді көздеген игі бастама Қызылорда қаласындағы Жамбыл Жабаев атындағы мектепте жалғасын тапты.

Енді оқу ошағындағы танымдық шаралар мен үйірме жұмыстары осы жерде өтетін болады. Сондай-ақ түрлі үйірмеге біріккен жастар мектеп мұражайын ашып, оған жәдігерлер жинақтауға кіріскен. Әзірге шағын музейге алғаш болып, мектеп түлегі, Ұлы Отан соғысының ардагері, белгілі теміржолшы Мешітбай Қаржаубаевтың орден-медальдары мен тұтынған заттары қойылды.

Айдана Мақсұтқызы, оқушы:

- Біздің өлкеміздің тарихи жәдігерлерін жинақтап, өзіміздің мұражайымызға әкеліп қойып, оны одан әрі нығайта түсеміз. Келген адамға тамсандыратындай көп нәрсе жасаймыз деген үміттемін.

Аршагүл Қаржаубаева, ардагер ұстаз:

- Сен білімді бол, сен ақылды бол, бірақ соның барлығы еңбекпен келетінін сол балдарға паш еткізіп, сол балдарға түсіндіріп, солар түсінсін, солар көрсін деген мақсатпен мына іс-шараға көңіліміз толып, рахметімізді айтамыз.

Хабар 24 телеарнасы