388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


NASA жариялаған Марс панорамасын тінтуірмен қозғап көруге болады

  • 524
  • UPD: 16:37, 11.02.2019

NASA Марстың 360 градустық видеопанорамасын жариялады. Қысқа ғана видеороликті Curiosity аппараты жариялады. 2018 жылы 19 желтоқсанда құрылғы түсірген видеоны АҚШ ғарыш агенттігі панорама негізінде монтаждаған.

Ролик Эолида тауында орналасқан Вера Рубин үстіртінде түсірілген. Ол осы аймақты бір жылдан астам уақыт зерттеген. Сөйтіп, қайтар кезде аппарат Rock Hall үстіртінде соңғы бұрғылау аймағында 360 градус панорама түсірген. Curiosity құрылғысы келесі жылы осы аймақтағы лай мекенді зерттейді. 

Айта кету керек, видеоны қарау барысында тінтуірдің көмегімен көріністі кез келген бағытта қозғалтуға болады.

NASA

Хабар 24 телеарнасы