378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық университеттің БҰҰ жаһандық хабын басқару мерзімі ұзарды

  • 209
  • UPD: 14:51, 14.02.2019
Қазақстандық университеттің БҰҰ жаһандық хабын басқару мерзімі ұзарды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті БҰҰ-ның тұрақты даму бойынша жаһандық хабын әлі де басқарады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әлемдегі мыңдаған білім ордасы арасынан таңдалған университет бұл міндетті 2014 жылдан бері абыроймен атқарып келеді. Адамзаттың жаһандық мәселелерін шешуге қосқан үлесін атап өткен ұйым өкілдері оның хаб басқару уәкілдігін 2020 жылға дейін тағы ұзартты. Айта кетері, қазақстандық университет Орталық Азиядағы жоғарғы оқу орындарының арасында алғаш болып, 2011 жылы «Академиялық бедел» атты халықаралық бағдарламаға қосылған еді.

Рафис Абазов, Пан Ги Мун атындағы тұрақты даму институтының директоры:

– 2018 жылы Астанада өткен экономикалық форум аясында Пан Ги Мун мен Қазақ ұлттық университеті арасында тұрақты даму институтын құру келісіміне қол қойылды. Бүгінде институттың 3 негізгі мандаты бар. Әрине бұл – ағартушылық мандат, келешекте көшбасшы болатын жас мамандарды дайындағымыз келеді. Екінші бағытымыз – ғылыми зерттеу. Үшіншісі – халықаралық ынтымақтастық.

Хабар 24 телеарнасы