378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Педагогтарға тәрбие жұмыстары үшін қосымша ақы төленуі мүмкін

  • 299
  • UPD: 20:31, 14.02.2019

Мұғалімдерге тәрбие жұмыстарын жүргізгені үшін қосымша төлем жасалуы мүмкін. Яғни олардың  әдеттегі білім беруден бөлек  еңбек еткені ескерілуі тиіс. 

Мәжіліс депутаттары ұстаз мәртебесі туралы заң жобасын талқылаған кеңес барысында осындай бастама көтерді. Сонымен қатар, төменгі палата депутаттары мұғалімдердің негізгі міндетінен тыс жұмысқа тартылғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті нақтылау мәселесін де қозғады. Жалпы педагогтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ар-ұжданына нұқсан келтірмеуге басымдық беріліп отыр. Осы мақсатта депуттар өзге де ұсыныстарын ортаға салды.

Хабар 24 телеарнасы