375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылордадағы ЖОО білім беру қызметін басқарудың электронды жүйесіне көшті

  • 280
  • UPD: 10:29, 19.02.2019
Қызылордадағы ЖОО білім беру қызметін басқарудың электронды жүйесіне көшті

Қызылорда облысындағы 3 университет пен 29 колледжде студенттерге қызмет көрсету бұрышы ашылды. «E-COLLEGE» білім беру қызметін басқарудың цифрлы жүйесі интернет арқылы online режимінде оқу орындарының  жұмысын автоматтандыруға арналып отыр.

Бағдарлама арқылы кестедегі сабақтардың қабаттасып қалмауын, оқытушының дәріс беруін, аудиторияда тиісті пәннің өтуі қадағаланады. Сондай-ақ сабақ және емтихан кестелерін студенттердің өздері және ата-аналары интернет арқылы көре алады. Білім алушы жастар үшін ең тиімдісі ол - кітапхана қорының сканерленуі. Және де бейне-лекциялардың жүктелуі. Емтихан тапсырған әрбір студент анонимді түрде «Таза сессия» және «Колледжде оқу үдерісін жетілдіру» сауалнамасына қатысады. Оның қорытындысы бойынша автоматты түрде диаграмма шығарылып, «Директор блогы» арқылы оқу орны басшысына хат жолданады.

Нұржан Сүлейменов, МҚІСЖҚІА департаментінің бас маманы:

- Алдағы уақытта автовокзал, теміржол, ірі сауда орталықтарында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарын ашу арқылы электронды қызметтердің үлесін көбейту жұмыстарын жүргізуді қолға аламыз.

Досбол Ерғалиұлы, студент:

- Мен күнделікті сабаққа келгенде осы электронды кітапхана арқылы өзіме керекті кітаптарды оқи аламын және де бейнелекцияларды қарап, тыңдаймын. Бұл менің уақытымды тиімді қылып, кітапхана жағалап қараудың тиімді жолы болып табылады.

Хабар 24 телеарнасы